Ресейлік кәсіпкерлер, Қазақстанда сүт пен ет өндіретін жаңа жобаны іске қоспақниетте. Мұны, Ресейдің«Союзмолоко» ұлттықөндіріс одағыныңбасқарма төрағасы Андрей Даниленко Премьер-министрдіңбірінші орынбасары ӨмірзақШөкеевке мәлімдеді. Кәсіпкер өз сөзінде, «Кеден Одағы екі мемлекет кәсіпкерлеріне үлкен мүмкіндіктер туғызғалы отыр, одақарқылы көптеген коммерциялықжобаларды қолға алуға болады» дегенді айтты.
Андрей Даниленко, Қазақжерінде 1500 бас сауынды сиыр сауатын ірі кәсіпорын ашуды ұсынып отыр. ҚазақҮкіметі егер ұсынысты қолдай қалса, ресейлік кәсіпкер бұл жобаға 20 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салмақшы. Кәсіпорында өндірілетін сүт және ет өнімдерін кейін Ресей мен Беларусияға экспорттауға болады. ӨмірзақШөкеев өз кезегінде, Қазақстан мен Ресей арасындағы жобалар үнемі Үкімет назарында екенін айта келіп, бұл жобаны зерттеу Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» холдингінде тапсырылатынын атап өтті.

