ЖОЛДАУ. ЖАСТАР. ЖАСАМПАЗДЫҚ.

«Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс».

 

ҚР Президентінің биылғы Жолдауынан.

 

ЕлбасыныңжылсайынғыЖолдауындажастардыңмәселесібастыназардааталыпкеледі. Мемлекет жастарға қолдау көрсетуде еш аянып қалған емес. Ертеңгі ел тізгінін қолға алатын ұл қыздарға қатысты мәселелер биыл да назардан тыс қалған жоқ.

Жалпы, әр жылғы Жолдаудың өз жаңалығы бар. Биыл аталған маңызды құжатта, Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығындағы дамуының негізгі он ұстанымы айқындалып отыр. Жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, мемлекеттік қызмет сапасын көтеру, білім беру, денсаулық сақтау, индустриялық-инновациялық жобалар, тұрақтылық пен татулықты нығайту, және тағы басқа маңызды жұмыстар. Осының барлығы ел дамуындағы жаңа бағыттарды айқындап, жаңа мақсаттарға жол ашып отыр. Бұл ретте, жастарға жүктелер міндет, артылар сенім де айрықша...

Олар еліміздің көсегесін көгерту жолында аянып қалмайды деп үміттенеміз. Тек олардың да мәселелері оң шешімін табуы тиіс. Мемлекет басшысы жастарға қатысты проблемаларды дөп басып айтты.

 

«Екі қолға бір күрек»...

«Менің тапсырмам бойынша Үкімет қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды қамтамасыз етудің бағдарламасын бекітті. Онда үш маңызды міндет қойылған. Біріншіден, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау. Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу. Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру».

           Жолдаудан үзінді.

 

Соңғы жылдары елімізде тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда. Олардың игілігін көріп жатқандар баршылық. Дегенмен, жұмыссыздық мәселесі толық шешіліп отыр деп айту қиын. Мысалы, ауыл халқының басым бөлігі әлі күнге дейін «екі қолға бір күрек» таба алмай дал болуда. Соның салдарынан жастардың көпшiлiгi жұмыс iздеп қалаларға кетуде. Ал орта жастағы адамдар үй-жайын тастап алысқа ұзай алмайды. Ауданда тек бюджеттiк мекемелерде болмаса, басқа жұмыс табу қиын. Оның өзінде, жұмысы бар кейбір азаматтардың табысы төмен. Халықтың әлеуметтiк жағдайының дұрыс шешілмеуі басқа проблемалардың туындауына әкеп соғатындығы белгілі. Жұмыссыздық жайлаған жерде қылмыс та, маскүнемдiк те көбейе түседi.

Бір қызығы, аймағымыздағы кәсіпорындарда білікті мамандар тапшы. Ал жұмыссыз жүргендердің мамандықтары оған сай келмейді. Көбі - заңгер, экономист, тағысын тағылар. Яғни, облысымыздың еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс сәйкес емес. Оны да реттеудің бір амалы болуы қажет қой...

 

Басты ауыртқан баспана...

«Біз жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға кірісіп кеттік. Елімізде жыл сайын  6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде. Алайда, біз жарты миллионнан астам жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет. Ұзақ мерзімді жалға беруде сатып алынатын және сатуға жатпайтын екі түрлі жолды қарастыру қажет. Оған қоса, жалға алғаны үшін жасалатын төлем әл-ауқаты орташа отбасы мүмкіндігіне сай болуы тиіс».

                                    Жолдаудан үзінді.

Талайдың бас ауруына айналған баспана мәселесі осы күнге дейін ушығып тұр. Жыл сайын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бірақ, баспанаға зәру адамдардың саны еш азаяр емес. Пәтер кезегін күткен тұрғындар мыңдап саналады. Ал ипотекалық несиеге әркімнің қолы жете бермесі анық. Бұл ретте, әсіресе, жас отбасылардың жағдайы алаңдатарлық. Халық жылдар бойына пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Аталмыш мәселені шешу үшін Елбасы Жолдауында айтылған нақты тапсырмалар орындалуы тиіс. Бұл – зор мүмкіндік.

 

Білікті ұстаз – білімді шәкірт

 «Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс. Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет. Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес».

                                 Жолдаудан үзінді.

Жас мамандардың біліктілігі мәселесі үлкен маңызға ие. Әсіресе, ұстаздар қауымына артылар жүк ауыр. Келешек ел тірегі болар ұрпақты тәрбиелеу, оларға білім беруде педагогтың жан-жақты болуы шарт.

Қоғамда бәсекелестіктің ерекше артуы (заманға сай) білім беру саласының мемлекет дамуының  басты факторына айналуына себеп болып отыр. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал  біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы»,- деп бекер айтпаған.

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Әсіресе, жас педагогтардың бұл үдеден шыға білуі маңызды. Ы.Алтынсарин: «Маған  жақсы  мұғалім бәрінен қымбат, өйткені, мұғалім - мектептің жүрегі” деген екен. Демек, қазір  мектеп алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы қажет-ақ.

 

Жұмыс па, оқу ма?

«Жұмыс істейтін жастар үшін жұмыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету – маңызды мәселе. Бүгінде көптеген адамдар ауылдан қалаға қоныс аударуда. Олардың жұмысқа орналасуы қиын. Әрбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек».

                                   Жолдаудан үзінді.

Артық сөздің қажеті де жоқ. Түсіндіруді талап етпейді. Себебі, Елбасы осы сөздерімен-ақ аталмыш мәселенің басын ашып, оны шешу жолдарын да ұсынып берді.

 

Тәрбиемен ұштасса...

«...Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс».

Жолдаудан үзінді.

 

Оқу-тәрбие үрдісінің негізгі мақсаты мен міндеті жоғарғы білімді адамдарды және білікті, кәсіби өсуге қабілетті және кәсіби әрекет жасауға әзір мамандарды дайындаумен байланысты. Демек, бүгінде қоғамға өнегелі, жігерлі, өмірлік белсенді ұстанымы бар, алғыр ойлы, бәсекелестікке төтеп бере алатын жастар қажет. Ол үшін сапалы білім мен саналы тәрбие қатар жүруі тиіс.

Жалпы, ұрпақ тәрбиесі – қай заманда да күн тәртібінен түспеген келелі мәселелер қатарында. «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деп ұлы ойшыл Әл-Фараби айтқандай, өркениетті елдердің қатарына «буынып-түйінген» мемлекеттің көшбасшы шыңына шығуы – бүгінгі ұрпақ бейнесімен айшықталады.

Рас, бүгінгі тасқындаған толассыз ақпараттар толқыны – технология дәуірінің жемісі. Демек, жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа емес. Әсіресе, «саңылауын» батыстың «батпағы» бітеген жастардың бойына ұлттық тәрбие ұрығын себу қиынның қиыны. Осы орайда, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап, уақыт тезінен өткен бай тәрбиелік қазынасын оқу-тәжірибесіне қолдану кезек күттірмейді. Білімді де қабілетті ұрпақ қай халықтың болмасын баға жетпес байлығы.

 

Ана тілің - арың бұл

«Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр. Осының бәріне депутаттар мен мемлекеттік қызметтегілер өз үлестерін қосулары керек. Мәселені осылай шешу қажет. Үкіметке барлық білім беру мекемелерінде Жастардың осы құндылықтарды білуін қамтамасыз ету жөнінен типтік кешенді жоспар әзірлеуді тапсырамын».

Жолдаудан үзінді.

 

Ұлт бірлігінің басты факторы – мемлекеттік тіл. Осыны жете түсінетін кез жетті. Еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Алайда, ана тіліміздің әлі күнге дейін сол дәрежеге, мәртебеге толыққанды жете алмай келе жатқандығын мойындауымыз қажет. Бұл да - талайдан бері айтылып, әбден жауыр болған тақырыптардың бірі. Бірақ, елімізде тұрып жатқан әрбір азамат қазақ тілін біліп, құрметтеп, үйренбейінше ол мәселе күн тәртібінен түспейді. Алайда, бұл ретте, Елбасы атап өткендей, қазақ тілінің жоспарлы түрде дамуы, ресми тілге нұқсан келмейтіндей деңгейде жүргізу аса маңызды. Сонда ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізеріміз анық. Аллаға шүкір, Жолдауда айқында оған межені бағындырып, 2020 жылға дейін мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың саны 95 пайызға жететіндігіне сенеміз. 

 

Салауаттылық кепілі - спорт

«Әкімдерге халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту туралы мәселені шешуді тапсырамын. Соңғы жылдары Астанада да, облыстарда да көптеген спорттық нысандар салынды. Оларға балалар да, үлкендер де бара алмайды деген шағым көп. Осы спорттық ғимараттардың бәрін де қолжетімді ету керек. Адамдар спортпен айналысатын болсын».

Жолдаудан үзінді.

 

Дене шынықтыру мен спорт көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды факторлардың бірі болып табылады. Өйткені, адамдардың денсаулығын нығайтуға, ел болашағы жастардың тән және жан сұлулығына, жан-жақты шынығуына бірден-бір басты себепкер осы спорт емес пе? Бүгінде аймағымызда осы саланың дамуына қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Түрлі деңгейдегі нысандары салынып, ескіргендері қайта жөндеуден өткізілуде. Осы бағыттағы шараларды жалғастыра берген жөн.

 

Тобықтай түйін

Қорыта айтар болсақ, жастар тәрбиесіне жеткілікті дәрежеде назар аударылуы тиіс. Әрине, ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан түрлі. Солардың ішінде шешуші             роль атқаратыны – жастарды ұлтжандылыққа баулу. Ал бұл бағыттағы тәрбие өрмегінің алтын тіні – ұлттық тәрбие екендігін ұмытып бара жатқандаймыз. Әрине, әлеуметтік жағдайды да назардан тыс қалдыруға болмайды. Бірақ, жас ұрпақ арасында елдік санаға ұласатын «ұлттық идея», «ұлттық мүдде» ұғымдарын сіңістіру керек сияқты. Сананы жаулаған жат қылықтардан құтылар едік.

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

 

Пікірлер  

 
0 #1 Білім 22.02.2012 13:52
Елбасымыз жыл сайынғы жолдауында білім саласына да көп назар аудартады. Себебі, елдің дамуы ол ең бірінші білімді де ұтқыр жастардың қолында деп білемін.
Цитировать
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29