Фархат (Еркебұлан) Қайратұлы Әміренов 1992 жылы 9 мамырда Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Шұға ауылында дүниеге келген. Шұға ауылындағы Х.Шаяхметов атындағы орта мектептің түлегі.
Қазіргі таңда С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Филология, Журналистика және Өнер факультеті, Журналистика кафедрасының 2 курсында білім алады.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қабырғасында шығатын «Білік» және «СМС+» жастар газетінде тілші болып еңбек еткен. 2010 жылдың шілде айынан бастап Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі болып қызмет атқаруда.
Аудандық, облыстық ақындар мүшәйрасының жеңімпазы. Өлеңдері мен мақалалары облыстық, республикалық мерзімді басылымдарда жарық көріп тұрады.
Телефоны: 61-80-20


