Жуырда Железинка ауданының орталығында «Біз қуатты да салауатты Қазақстан үшін Елбасымен біргеміз» атты патриоттық шарасы өтті. Акцияны жуырда ғана құрылып, өздерінің жастарға дұрыс жөн сілтеуге лайықты екендіктерін танытып жүрген «Әлемгер» жастар қоғамы ұйымдастырды.
Аталмыш жастар қоғамының жетекшісі Р.Юсупова барша аудан жастарын бірлік пен ынтымақтастыққа шақырып, еліміз үшін аянбай еңбек етейік деген лебізін жеткізді. Железинка ауданы «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының орынбасары Т.Сәрсенов және «Жас Отан» жастар қанаты аудандық филиалының хатшысы Е.Аужанов акцияға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Бірлігіміз жарасқан» ұранымен өткен бұл шараның мақсаты болашақ ұрпақтың патриоттық сезімін еселеп, оларды рухани байлыққа баулу, адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Индира СЕРІКҚАЛИҚЫЗЫ,
Железинка ауданы.

