БАЛА ҚҰҚЫҒЫ БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ

 

    Павлодар облыстық балалардың құқығын қорғау департаментінің бастығы Гүлбарам Науразбаева аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосып, баспасөз мәслихатын өткізді. Шара барысында аталмыш департаменттің мойнына жүктелген міндеттері мен артта қалған жартыжылдықта атқарған жұмысы сөз болды.
    Павлодар облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті осыдан тура үш жыл бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Білім және ғылым министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің аймақтық органы болып құрылған. Содан бері департамент жеткіншектердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғап, әлеуметтік жетімдікті, балалар арасындағы зорлық-зомбылықты, жәбірлеуді болдырмаудың алдын алумен, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға дер кезінде құқықтық, психологиялық кеңестер берумен және түрлі деңгейде көмек көрсетумен айналысып келеді. Департамент мамандары балалар үйлеріне, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттарға, білім беру ұйымдарына барып, ондағы жеткіншектердің жағдайымен жиі танысып тұрады. Сондай-ақ қиын жағдайға тап болып, тығырықтан шығудың жолын іздеген балалар үшін «300-117» шұғыл телефон байланысы және «Құқығым бар!» деп аталатын қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында осы қызмет түрлеріне барлығы 263 өтініш түскен екен. Тексеру нәтижесінде департаментке сенім артып, бастарындағы мән-жайды баяндаған балалар өтініштерінің 23 пайызы қанағаттандырылып, 68 пайызына кеңестер берілді, ал 5 пайызы өтініште баяндалған жағдайдың шындыққа жанаспайтындығын растаған.
    Әрдайым балалардың қамқоршысы болып, олардың құқықтарын қорғауды мақсат еткен департамент нақты жобалар арқылы қызмет көрсетеді. Мұнда жыл сайын жаңа жобалар қабылданып, жас ұрпақтың бақытты ғұмыр кешуі үшін игілікті істер атқарылуда. Мәселен, ағымдағы жылы «Ертістің Павлодар өңірінің балалары - Қазақстан балалары» атты ауқымды мега-жоба іске асуда. Аталған жобаны ойдағыдай орындаудың арқасында аймақтағы балалардың өмір сапасы жақсарып, әлеуметтік және құқықтық кепілдігін қамтамасыз ету шаралары оң шешімін табуда. Сондай-ақ, балалар үшін «Қоғам – балалық шақты қорғау!», «Жүрегімді махаббат пен мейірімділік үшін ашамын», «Бала құқығы туралы шындық», «Әр балаға - бақытты отбасы», «Бақытты балалық шақ территориясы», «Балалар - саясатта», «Балалық шақ жебеушілері» атты және басқа да бірқатар жобалар қолға алынуда. Атап өтерлігі, әр жобаның алдына қойған айқын мақсаты мен ерекшеліктері бар.
    Сондай-ақ департамент 2010 жылғы қаңтарда «Beeline» компаниясының Павлодар филиалымен бірлесіп, «SMS арқылы сұрақ қой» акциясын өткізген. Аталмыш акция шеңберінде 500-ден астам sms-хабар түсіп, онда көтерілген өзекті мәселелерге жауап алу үшін қатысушы-абоненттермен конференц-байланыс ұйымдастырылған.
    Департамент мамандары білім беру және ішкі істер органдарымен бірлесіп «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» сынды 40-тан астам шұғыл алдын алу іс-шараларға қатысты. Түрлі себептерге байланысты қиын жағдайға тап болған балалардың әрқайсысының басындағы жағдаймен жете танысып, 33 сот отырысында шешім шығару кезінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына мүмкіндік жасаған. Сонымен қатар департамент жасөспірімдер мен олардың отбасылары үшін медициналық-психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық «Рауан» орталығымен, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтымен, аймақтық «Психолог 21» ғылыми-қолданбалы студиясымен қоян-қолтық жұмыс істеуде. Облыс білім беру басқармасымен бірлесіп «Медет» жобасын іске асырып, оның шеңберінде қиын өмір ахуалында қалған балалар үшін «Виртуалды психологиялық сенім қызметін» құрған. Және де «Мазасыздану, депрессивтік және суицидтық тенденциялары бар жасөспірімдер диагностикасы, консультациясы» тақырыбы бойынша мектеп психологтары үшін курстар ұйымдастырып, жасөспірімдер үшін түрлі психологиялық кеңестер ұсынуда.
    Жалпы, облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті құрылғаннан бері білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларымен, ішкі істер органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, балалар үйлерінің және интернаттық мекемелердің басшыларымен, балалар және жастар ұйымдарының көшбасшыларымен, басқа да серіктестермен ұйымдастырушылық, әдістемелік, тәжірибелік тақырыптық сипатта үш жүзге тарта іс-шара ұйымдастырған. Департамент ел ертеңі - бүгінгі балалар үшін әлі де көптеген нәтижелі жұмыстар атқаруды көздеп отыр.
     - Балалар құқығын қорғау - егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін біз өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталуы жолында аянбай еңбек етеміз. Елдегі ең кіші азаматтардың өмір сапасын жақсарту - ертеңгі болашағымыздың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашанда өзекті болып қала бермек, - дейді облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастығы Гүлбарам Науразбаева.

Нұржайна ШОДЫР.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31