АРДАГЕР ЖУРНАЛИСКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Өткен жұма күні Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде облыстық «Қызыл ту» («Сарыарқа самалы») газетінде ұзақ жылдар жемісті қызмет еткен журналист Мұхамеджан Дәуренбековтің 75 жасқа келуіне арналған кеш болды.

Музей қызметкері Г.Қайдарова мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылық қызметі туралы әңгімелеп берді. Арасында ардагер журналисті сөзге тартып, мамандығы, әріптестері жайында пікірлерін білу үшін сұрақтар қойды.

«Аналитикалық ақпарат орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары Ж.Сманов, облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің Бас редакторы М.Омаров аға әріптесті қуанышты оқиғамен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Ұзақ жыл бірге қызмет еткен әріптесі Т.Қоңыров, Павлодар аудандық «Заман тынысы» газетінің редакторы Р.Мұстафина, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі А.Алақанұлы, еңбек ардагері Қ.Бейсенов, тағы басқалар құттықтау сөздерін айтты.

Мерекелік кеш А.Бейсенов, Б.Әубәкіров сияқты өнерлі жастар орындауындағы ән мен күймен ажарланды.

Ардагер журналист көрсетілген құрмет үшін шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Ө.РҮСТЕМОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 22 23 24 25 26
27 28 29 30