ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

Ұзақ жылдар бойы еліне елеулі қызмет жасап, өмір бойы ұстаздық еткен, ПМПИ-ге еңбек сіңірген құрметті педагог, философия ғылымдарының кандидаты Қабиден Фатқоллаұлы Зағыпаровтың 75 жылдық мерейтойы болып отыр. Абай атамыздың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, 40 жылға жуық ұстаздық қызметтің талай суығын да, ыстығын да сезініп, соған төзіп келе жатқан Қабиден Зағыпаров ешқашан ізденуден жалыққан емес. Ол - еліміздің көптеген сынынан өткен жанның бірі. Атап айтқанда, Отан соғысының баласы болып, КСРО-ның еңбек ардагері атағын алып, Қазақстанның тәуелсіздігіне қол жеткізген кезден қазіргі күнге дейін тер төгіп келе жатыр.

 

Зағыпаров Қабиден Фатқоллаұлы 1935 жылы желтоксанның 5 жұлдызында Павлодар облысы бұрынғы Куйбышев (қазіргі Ақтоғай) ауданы Жаңа Аттаныс ауылында туған. Кожамжар ауылында Мақтау грамотасымен жетіжылдық мектепті, ал 1953 жылы Қашыр қазақ орта мектебін медальмен бітірген. Сол жылы Абай атындағы ҚазПИ-ге түciп, оны 1957 жылы үздік аяқтады.

Еңбек жолын Қашыр қазақ орта мектебінде мұғалімдік қызметтен бастады. Кейін Куйбышев орта мектебінде мұғалім болды, одан соң Куйбышев аудандық оқу бөлімінде мектеп инспекторы қызметін атқарды.

1963-1969 жылдары Қазақстан Компартиясы Краснокутск аудандық пар­тия комитетінің аппаратында саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, кейін насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі болды.

1969 жылдың қараша айында Қ.Зағыпаров М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті философия факультетінің аспирантурасына оқуға түсіп, «Социалистік қоғамда саяси идеологияның маңызы және функциялары» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты.

1973 жылы желтоқсанда Қ.Ф.Зағыпаров КСРО жоғары және арнайы орта білім министрлігінің жолдамасымен Павлодар педагогикалық институтына аға оқытушы болып қабылданды. 1975 жылы cәyip айында конкурс бойынша институттың СОКП тарихы және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. 1985-1992 жылдары жалпы білім беру мектептері директорларының біліктілігін арттыру факультетінің деканы, 1992 жылғы қыркүйектен ППИ, 1996 - 2001 жылдары С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің сырттай оқу бөлімінің деканы болды.

2002 жылы ол С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің профессоры, ал 2004 жылы ПМПИ профессоры.

Қ.Ф.Зағыпаровтың 80-нен аса ғылыми еңбектері бар. Ол Мәскеу, Ташкент, Алматы, Карағанды, Павлодар және т.б. қалаларда жоғары оқу орындары ұйымдастырған аралық ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік конференцияларда баяндамалар жасады. Қосалқы автор ретінде педагогикалық институттың студенттерін бүкіл оку мерзімінде тәрбиелеудің жоспар-бағдарламасын жасауға қатынасты (1978, 1981 ж.ж.), жоғары оқу орындары аралық конференциялар мен бірлестік семинарының материалдары бойынша 4 ғылыми жинақтың редакциялық алқасының мүшесі болды. Павлодар қаласының 1976-1980 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтік дамуының кешенді жоспарын жасауға қатынасты.

Қ.Ф.Зағыпаров студенттердің ғылыми жұмыстарына белсенді басшылық жасады. Оның жетекшілігімен дайындалған студенттердің ғылыми баяндамалары мен рефераттары жыл сайын факультеттік және жалпыинституттық конференцияларда тыңдалды. Бұрынғы студенттердің бірқатар ғылыми жұмыстары, атап айтқанда Д.Жанделдинова, Г.Даржұман, Т.Казеко, Е.Ярошенко және басқалар Бүкілодақтық «Студент және ғылыми-техникалық прогресс» конкурсының республикалық турында қоғамдық ғылымдар саласы бойынша Қазақ КСР Жоғары және арнайы орта білім министрлігі мен Қазақстан БЛКЖО Орталық Комитетінің дипломдарымен марапатталды.

Қ.Ф.Зағыпаров ППИ, қала және облыс көлемінде қоғамдық жұмысқа белсене қатынасады. Ол он жылдан аса (1975-1987 жж.) педагогикалық институты партия ұйымы хатшысының орынбасары, хатшысы болып сайланып, коммунистер, комсомол мүшелерін, институттың бүкіл профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін, студенттерді оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін ойдағыдай шешуге, мұғалім мамандарды даярлаудың сапасын көтеруге, жоғары оқу орнының материалдық базасын нығайтуға, студенттер мен оқытушыларға лайық тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасауға жұмылдырды. Ректораттың (ректор Т.Қ.Шаяхметов), букіл институт ұжымы мен бастауыш партия, басқа қоғамдық ұйымдардың қажырлы еңбегінің нәтижесінде 1981 жылы Павлодар педагогикалық институты республикалық социалистік жарыста Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі, Қазкәсіподақтары және Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің Ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды. 1982 жылы педагогикалық жоғары оқу орындары арасындағы Бүкілодақтық социалистік жарыс қорытындысы бойынша ППИ-ге КСРО Оқу министрлігі мен халық ағарту қызметкерлері, жоғары мектеп және ғылыми мекемелер кәсіптер одағы Орталық комитетінің Ауыспалы Қызыл Туы берілді, сонымен ППИ бұрыңғы КСРО бойынша пединституттардың алғашқы ондығына енді

Қ.Ф.Зағыпаров 1965-1969, 1976-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы Краснокутск, Ильич аудандық партия комитеттерінің мүшесі болып сайланды. Ол бүкілодақтық «Білім» қоғамының белсенді лекторы, сол сияқты Мәскеу қаласындағы СОКП Ленин аудандық, Қазақстан Компартиясы Краснокутск, Ильичев аудандық партия комитеттері, Павлодар қалалық және облыстық партия комитеттерінің насихатшылар, саяси баяндамашылар тобында болды.

Қ.Зағыпаров студенттер арасындағы оқу-тәрбие жұмысындағы жетістіктері мен табыстары, коғамдық өмірге белсене қатынасқаны үшін «Халықтар достығы» орденімен (1986), Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1982), «Ерен еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» мерекелік медалімен (1970), «Еңбек ардагері» медалімен (1983), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен (2005), «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық кызметкері белгісімен (1980), «КСРО ағарту iciнің озық қызметкері» (1986), Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «Ана тілі» мертебелі белгісімен (2002), Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен (2005) марапатталды. Сол сияқты ППИ, ПМУ және ПМПИ ректорлары тарапынан бірнеше рет алғыстар жарияланып, Алғыс хаттар тапсырылды.

Бүкіл ПМПИ-дің ұжымы атынан Қабиден Фатқоллаұлы Зағыпаровты осы мерейтойымен құттықтаймыз! Сіздің өмір жолыңыз бен еңбегіңіз жас ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала береді. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір кешуге, сарқылмас күш-қайрат, отбасыңыз бен бала-шағаңыздың амандығын тілейміз!

 

ПМПИ-дің тарих, экономика және құқық факультетінің ұжымы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31