Строителей көшесіндегі 4-ші үй аулаларының тап-тұйнақтай тазалығы кез келген өткінші жанның назарын аудармауы мүмкін емес.
Әсіресе, жазғы уақытта жасыл желекке бөленген ағаштардың саясы мен қаз-қатар тізілген шеңберлерде бой көтерген әртүрлі гүлдер көңілге жайлылық ұялатады. Бұл - аталмыш үйдің тазалығына жауапты Майра Сексенбаева мен зейнеткерлер еңбегінің нәтижесі. Күнделікті таңғы сағат алтыдан бастап қолына сыпыртқы алған Сексенбаева Майра апай желмен ұшқан қағаздар мен шашылған қоқыстарды жинастырып жүреді. Строителей көшесіндегі 10-шы және 4-үйдің аулаларының тазалығына қарайтын зейнеткер Майра апайдың «Отан» пәтер иелері кооперативінде жұмыс істеп жүргеніне алты жыл болған. Сондай-ақ, аптасына 1 мезгіл подъездің тазалығына қарауды ұмытпайды. Ол өзінің күнделікті міндетін жақсы біледі. Бүгін де жаңбырдан кейін түнде отырған жастардан қалған темекі тұқылдары мен бос шөлмектерді жинастырып жүрген ол өзі тұрған үйдің тазалығына қарағандай барынша тиянақтылықпен әрбір ауланы мұнтаздай етіп тазалап, тұрғындарға жайлы көңіл-күй мен тазалық сыйлайды.
Ақбота СЕЙСЕНБАЕВА
Ақсу қаласы.

