ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІК

 

Наурыз айының 19 күні «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының бастамасымен Павлодар қаласының бірнеше  көшелерін қамтыған экологиялық сенбілік өтті. Тазалық шарасына «Павлодар - біздің ортақ үйіміз» қоғамдық бірлестігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мекемесі өкілдері мен 50-ден астам ұйымнан түрлі техникалар мен қызметкерлер жұмылдырылып, қала көшелері қардан тазартылды.

Партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары А.Әлиакпаров: «Биылғы сенбіліктің ерекшелігі - оның ертерек басталғанында және оған техникалардың, атап айтқанда, тракторлар мен жүк көліктерінің көптеп жұмылдырылуында болып отыр» - деді.

Ерте басталған сенбіліктің басты мақсатыГорторг шағынауданы мен қаланың Екінші Павлодар бөлігіндегі жеке секторлар мен көше қиылыстарын қардан тазарту.

Қаладағы орталық көшелердің тазалығын мердігерлер өз жауапкершілігіне алып отыр. Сондақтан, мұндай сенбіліктер көктемгі қардың еруі кезінде  аса маңызды екендігі сөзсіз.

 

Ж.ТОЙШЫБАЙ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28 29 30 31