ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА ШАҚЫРАМЫЗ


Құрметті павлодарлықтар, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының жетекшілері

«Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы және «Павлодар – біздің ортақ үйіміз» қоғамдық бірлестігі облыс орталығының кәсіпорындары мен ұйымдарының ұжымына, оқу мекемелері мен коммерциялық құрылымы өкілдеріне Павлодардың санитарлық тазалығы мен көріктендіру ісінде белсенді болуға шақырады.

Үстіміздегі жылдың 16 сәуірі күні Павлодарда дәстүрлі қалалық сенбілік өткізілмек. Тұрғындарды жалпыхалықтық науқаннан тыс қалмауын сұраймыз. Және «таза жұма» дәстүрлі шарасын жандандыруға үлес қосуға шақырамыз!

Аула мен подъездерді реттеп, жергілікті жерді тазартуға белсене қатысайық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірлескен істің арқасында біз балаларымыздың сүйікті ойын алаңдарын қалыпқа келтіріп, демалыс орындарын абаттандырамыз. Құлаған әткеншектер мен орындықтарды жөндеп, үй маңын жасыл желекпен әрлейміз.

ҚР Президенті Н.Назарбаев «2011 жыл – отандастарымыз үшін ерекше. Биыл халқымыз ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеді. Бұл ретте әр аумақ өмір сүруге қолайлы, жұмыс істеп, демалуға ыңғайлы болып көріктенуі тиіс», - деген болатын.

Осы бір жалпыхалықтық міндетті орындау ісіне тек мемлекеттік органдар ғана жауапты емес. Біздің пікірімізше, аталған науқанның нәтижелі болуына кәсіпорындар ұжымы мен бизнес құрылымдарының, қоғамдық қозғалыс өкілдері мен шаһар тұрғындарының қосар үлесі зор. Яғни, туған қаласын сүйетін әрбір адам үшін сенбіліктің орны бөлек деп санаймыз.

Біздің мақсатымыз бір. Ол – аула аумағын көріктендіріп, жайқалған жасыл желекті сақтап қалу. Әсіресе, қаланың сырт келбетіне нұқсан келтіретін заңсыз күл-қоқыс ошақтарын жою. Бұл тұста, әрбіріміз қарапайым мәдениеттілік тетіктерін есте сақтауымыз қажет.

Қадірменді жерлестер! Павлодардың көрікті де жинақы болуына үлес қосуға асығыңыз! Тек бірлескен істің арқасында біз оның таза, қолайлы да әдемі болуына қол жеткіземіз!

«Нұр Отан» ХДП Павлодар қалалық филиалы,

«Павлодар - біздің ортақ үйіміз» қоғамдық бірлестігі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30