Павлодар қаласында «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасын табуда. Таяуда қаланың ауылдық аймағына жататын Кенжекөл орта мектебінің оқушыларына қала әкімі Бақытжан Жоламановтың атынан тарту жасалды. Жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасылар балаларына қысқы күртеше, етік секілді киім-кешектер беріліп, тәтті кәмпиттер үлестірілді. Өздеріне жасалған қайырымдылық шарасына жеткіншектер риза болды. Ата-аналар мен мұғалімдер көңіл бөліп, көмек көрсеткен қала басшысына шын жүректен алғыстарын білдірді.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі.

