Ақсу қаласында Қарттар күні қарсаңында жарияланған қайырымдылық айлығы ойдағыдай өтуде. Қала мен оның ауылдық аймақтарында қазіргі кезде қарттарға жан-жақты көмек көрсетілуде.
Қайырымдылық жасауда «Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамы белсенділік танытуда. Мұнда қайырымдылық шаралары айлықпен шектелмей, жыл бойы жүзеге асырылады. Осыған байланысты зейнеткер Сәнібек Досханұлы сыр шертті.
- Кеңес өкіметі жылдарында кеңшарда жұмыс істедім. Кеңшар таратылғаннан кейін Ақсу қаласына көшіп келіп, ГРЭС-ке жұмысқа тұрдым. Осында он жыл жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықтым. Әлі де болсын жұмыс істеп жүрмін. Тіс емдейтін емханалардың бірінде күзетші болып еңбек етемін. Мұның бәрі – денсаулықтың арқасы. Станция басшылығы бізді, зейнеткерлерді, назардан қалдырып көрген емес. Әр тоқсан сайын, әр мерекеде, мерейтойда ақшалай көмек көрсетеді. «Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтпаған ғой. ЕЭК профилакторийіне қаранамыз, бізге 20-дан астам емдеу түрі бойынша қызмет көрсетеді. Сонымен бірге Жасыбай көлі жағасындағы демалыс үйінде 130-ға дейін қарт тынығып қайтады. Сондықтан біз, қарттар, станция басшылығына ризашылығымызды білдіргіміз келеді, - дейді ардагер тебірене сөйлеп.
Ерсін ЖҰМАДІЛОВ,
Ақсу қаласы.

