«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯҚТАЛДЫ

    «Мектепке жол» атты республикалық акция аяқталды. Аталмыш акция аясында 15 тамыздан 30 қыркүйек аралығында ауданның барлық мектептерінде әртүрлі шаралар өтті. Оның барлығы аз қамтылған және көп балалы отбасылар оқушыларына, жетімдерге, сондай-ақ ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балғындарға көмек көрсетуге бағытталды.

    Ауданның 150-ден астам меценаттары қайырымдылық шарасына белсенді түрде қатысты. Тек бір ғана Черноярка ауылдық округінде отыздан астам шаруа қожалықтары, ЖШС және жеке кәсіпкерлер мұқтаж бүлдіршіндерге көмек қолын созды. Бірқатарын атап өтер болсақ, олар – «Скугарева», «Надежда-1», «Иртыш», «Мечта», «Найверт», «Луч-1», «Ксания», «Дары природы», «Гулый» және тағы басқа. Жетекші ауылында да ел болашағының қамын ойлағандар табылды. Мәселен, МТС «Колос» ЖШС, «Азимут Энерджи Сервисез» АҚ айналасындағы көмекке зәру бүлдіршіндерге бей-жай қараған жоқ. Акцияға қатысқандар арасында «Луганск», «Маяк», «Жаңа қала», «Дарья», «Қуаныш», «Луч», «Искра» ШҚ,  «Адис» ЖШС, А.Солдатова, М.Баубеков, Ж.Сұлтанова  жеке кәсіпкерліктері бар. Ауданда 1150-ден астам балалар материалдық көмек алды. Оған жұмсалған қаржы 1 млн. 550 мың теңгені құрады. Айта кету керек, осы соманың 1 млн. 155 мың теңгесі демеушілер есебінен жұмсалды.

Р.МҰСТАФИНА

Павлодар ауданы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31