«АРДАГЕР» ҮЙІНДЕГІ ЖАРҚЫН ЖҮЗДЕСУ

     Павлодар қаласы «Ардагер» үйінде демалып жатқан қариялар аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаевтың облыс тұрғындары үшін жасап жатқан игі істеріне осылай деп баға берді. Қарттар күні қарсаңында «Ардагер» үйіндегі ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталардың хал-жағдайын біліп, мерекемен құттықтай барған облыс әкімін қариялар жылы шыраймен қарсы алды.

    «Ардагер» үйі - ата-әжелердің толыққанды демалып, әр күнін жақсы өткізуге мол мүмкіндік жасап отырған орталық. Биыл аталмыш орталықтың фито емдеу, массаж бөлмелері жөндеуден өтіп, спорт бөлмесіне қазіргі заманғы спорт жабдықтары қойылыпты. Сондай-ақ, арбамен жүретін мүгедек жандарға жасалған арнайы бөлмелер аймақ басшысы тарапынан жоғары бағаланды. Екібастұз қаласынан келген Мәниса Қадырқызы арбамен жүретіндерге арналған арнайы бөлмеде демалуда. «Ардагер» үйінде қарияларға барлық жағдай жасалған. Мұндағы қызметкерлердің бәрі біздерге ерекше қамқорлықпен қарайды» деп ағынан жарылды Мәниса апай. «Менің «Ардагер» үйіне келудегі басты мақсатым – мұнда демалып жатқан ата-әжелердің амандықтарын біліп, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, қариялардың айтар ұсыныстары мен пікірлеріне құлақ асу. Елбасы өзінің халық алдында сөйлеген сөздерінде қарттарға қолайлы жағдай жасауды басты назарға қойған. Мемлекет басшының ата-әжелерге қолайлы жағдай тудырып,  жасап жатқан жақсылықтарының бәрі есті азаматқа үлгі болары анық. Олай болса қарттарымызды құрметтеу әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы болмақ»,- деді өз сөзінде аймақ басшысы. Қарттармен бірге мерекелік дастарқан үстінде жүздескен облыс әкімі Б.Сағынтаев ата-әжелердің ұсыныс-тілектеріне құлақ асты. Қарттардың барлығы аймақ басшысына шексіз алғыстарын білдіріп, ақ тілектерін ақтарды. Демалушылардың басым көпшілігі «Үйде жүрсек зауқымыз ештеңеге соқпай, көңіліміз «Ардагер» үйін қалайды да тұрады» десе, енді біреулері «Мұнда біздің сырлас достарымыз өте көп. Оларды қимаймыз. Сондықтан жыл сайын келіп демаламыз» дейді. Қариялардың көңілін көтеріп, сырларымен бөліскен облыс әкімі демалушыларды мерекемен құттықтап, «Ардагер» үйінің кітапханасына жүзден аса кітап сыйлады. Сыйға тартылған кітаптардың ішінде Абай, Мұхтар, Мәшһүр Жүсіп секілді даналардың, Ә.Кекілбаев, Қ.Жұмаділов сияқты классиктердің кітаптарымен қатар облысымызға белгілі ақын-жазушылардың да жинақтары бар.

    - «Ардагер» үйі бір мезгілде 100-ден аса адамды қабылдай алады. Қазіргі уақытта мұнда сексен адам демалуда. Орталыққа көбінесе соғыс ардагерлері, ауған соғысына қатысқандар және экологиялық апатты өңірлерде тұратын тұрғындар қабылданады. Қариялардың көңіл-күйлерін көтеру үшін жұма сайын қызықты концерттер ұйымдастырылып, таза ауада жарыстар өткізіліп тұрады. Намаз оқитын жандарға да барлық жағдай жасалған. Мұндағы ата-әжелер алдымен ауруханада тексеріліп, бізде профилактикалық емделуден өтеді. Былтыр облыс әкімі Б.Сағынтаевтың ұйытқы болуымен «Ардагер» үйінің қасынан қосалқы ғимарат бой көтерді. Қариялардың денсаулығын үнемі басты назарда ұстау үшін қалалық, облыстық ауруханалардан арнайы дәрігерлер мен білікті мамандар келіп тұрады,- деді «Ардагер» үйінің директоры Болат Ахметов. Оның айтуынша, орталыққа келетіндердің саны жыл санап артып келеді. «Ардагер» үйі алғаш бой көтергеннен бері демалуға тұрақты келіп тұратын Сапарбек Беркетов орталықтың жыл сайын адам танымастай өзгеріп келе жатқанын алға тартты.

    Мерекелік астан кейін қариялардың құрметіне қаламыздың белгілі өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Өз кезегінде балаша шаттанған ата-әжелер ән шырқап, би биледі.

 

Фархат ӘМІРЕНОВ.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31