ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұстаздар күні мерекесіне орай М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайында облыстық білім беру басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен «Өнегелі өмірім» атты салтанатты кеш өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова қатысты.

     Салтанатты шараға білім саласында ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, кейінгі ұрпағын да осы сара жолды жалғастыруға баулыған педагогикалық еңбек ардагерлері мен аймағымыздың түкпір-түкпірінен өзгеге үлгі боларлық беткеұстар мұғалімдер шақырылды. Ұстаздар қауымын облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова атаулы мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
     Мерекелік кеш барысында жиналған жұрттың назарына облысымыздың ардақты ұстаздары жайлы түсірілген бейнекөрсетілім ұсынылды. Сондай-ақ білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында жылдар бойы тер төгіп, өзінің балалары мен немере-шөберелерін мұғалім мамандығын игеруге жетелеген ардагер ұстаздар және олардың ізетті ізін жалғастырған ұл-қыздары ортаға шығып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Олардың қатарында Ақсу қаласына қарасты Евгеньевка ауылында қырық жылға жуық мектеп директоры болып, жалынды жастық шағын білім беру саласына арнаған Ізбасар Үсеновтер әулеті (еңбек өтілдерінің жиыны 194 жыл), Баянауыл ауданы, Егіндібұлақ ауылынан Бекен Дауеновтер, Май ауданынан Көпжасар Сапаровтар әулеті, Ақтоғай ауданынан Рахмет Маней отбасының педагогтары, басқа да ұстаздық қасиеті ұрпақтан-ұрпаққа дарып, жалғасып келе жатқан дәстүрлі педагогтар шаңырағының мүшелері болды.
Шара барысында ұстаздық өмірдің қиыны мен қызығын қатар көріп, бар ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған білім ардагерлеріне сыйлықтар ұсынылды.
Кеш соңы облыс жұртшылығына танымал талантты жастардың ән-шашуына ұласты.

Нұржайна ШОДЫР.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31