Павлодар қаласындағы «Замандас» ардагерлер клубында «Қамқорлық» қайырымдылық айлығына орай саналуан шаралар өткізілуде.
Салауатты өмір салтын насихаттап, дене шынықтыру мен спорт жаршысы болған клуб таяуда қарттар арасында шахмат жарысын өткізді. Оған ардагер шахматшылар белсене қатысты. Солардың ішінде Ө.Тағыбергенов жақсы ойнап, бірінші орынға ие болды. Ю.Мирзоян екінші орынға шықса, А.Арышев, В.Друзь сияқты ардагерлер жүлделі үшінші, төртінші орындарды бөлісті.
- Біз мұның алдында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арнап шахматшылар жарысын өткізген едік. Онда Ю.Мирзоян, Ш.Мақажанов, К.Асылбеков сияқты азаматтар жүлделі орындарға шықты. Қарттар арасындағы шеберлік бәсекесі әрқашан тартысты өтеді. Жеңіс мерекесіне арналған жарыста жүлделі орындарға ие болған Ш.Мақажанов, К.Асылбеков бұл жолы 10-11 орындармен қанағаттанды, дейді «Замандас» клубының директоры Қ.Шәкәрімов.
Ө.РҮСТЕМОВ.

