ИГІЛІКТІ ШАРА

Үштерек ауылында қарттар және мүгедектер күніне орай ақ жаулықты әжелер мен ардақты қарияларға арнайы дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.

Сөз кезегін алған Үштерек ауылының әкімі Жұмакелді Әлдекенов жиналған қауымды айтулы күнмен құттықтап, оларға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Сондай-ақ Ақсу қаласы ветеринарлық бөлімінің бастығы Асанбек Ысқақов және мектеп директоры Ғалия Әмірханова, ардагерлер кеңесінің мүшесі Ғаниел Бектемірова және Нина Зонова ізгі тілектерін білдірді. Айтулы мерекеге орай концерттік бағдарлама ұйымдастырған «Атамекен» ансамблі мен мәдени-сауық орталығы қариялардың құрметіне әсем ән жолдап, көңілдерін жадыратты. Бұл күні ауыл әкімі Күлшари Ақба, Рахима Жортығұлова, Хымиш Утибай, Совет Ыбыраева, Бияз Жайбасхан, Секер Қойлыбай, Күлән Сауанбай сияқты алтын құрсақты аналарға «Алтын алқа» алқаларын табыс етіп, иықтарына орамал жапты. Көрсетілген сый-құрметке дән риза болған қариялар да өз тараптарынан алғыстарын білдірді.

А.СЕЙСЕНБАЕВА,

Ақсу қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31