Павлодар ауданында «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы ұйымшылдықпен өтті. Айлық аясында жалғызілікті зейнеткерлер үйі ішін жинап, ауласын тәртіпке келтіру жұмыстары атқарылды.
Павлодар теміржол бөлімшесінің Красноармейка станциясы тыл еңбеккерлері А.Терешкова мен Н.Булановаға, сондай-ақ теміржолшылардың тоғыз баласына сыйлықтар берді. «Луганск» ӨК қыркүйектен бастап Луганск ауылдық округіндегі барлық зейнеткерлерге 820 граммдық ақ нанды арзан бағамен, 30 теңгеден сатуда. Осы шаруашылықтан заңды еңбек демалысына шыққан зейнеткерлер кооперативтен арзан бағамен ет, шөп, астық қалдығы, мал азығы, ұн мен өсімдік майын алады.
Ауданның бірқатар шаруа қожалықтары қарттарға ақшалай, заттай көмек көрсетті. Ауданда айлық аясында алты жарым миллионнан астам теңге жиналды. 4200 тұрғын жәрдем алды. Аудандық бюджеттен бұл мақсатқа 850 мың теңгеден астам қаржы бөлінді.
Р.МҰСТАФИНА.

