Облысымызда өткен республикалық «Мектепке жол» акциясы өз мәресіне жетті. Акцияның мақсаты–жаңа оқу жылына дайындық кезінде және балалардың мектепке әлеуметтік мәселелер бойынша бармауының алдын алу үшін аз қамтылған отбасылардағы мектеп оқушыларына қолдау көрсету болып табылады. Осы мақсатта 2010 жылғы тамыздың 1-нен 30-қыркүйек аралығында облыс әкімінің орынбасары Ә.Ғалымова «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Аталған жоспарды іске асыруға және оны нәтижелі өткізуге мемлекеттік органдар мен құрылымдарының өкілдері де атсалысты.
Акцияны өткізу бойынша жұмыстар облыстың барлық қалалары мен аудандарында жүргізілді. Жұмыс жоспардағыдай іске асырылып, ұйымдастыру комитетінің (штабының) құрамы бекітілді. Қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары мемлекетік органдардың басшыларының, ауылдық округтер әкімдерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен мәжіліс кеңестері өткізілді. Облыс мектептерінде акция бойынша ақпараттық бұрыштар дайындалды, шағын аудандарда ақпараттық үнпарақтар мен плакаттар таратылды. Қаңғыбастық пен қайыр сұраудың алдын алу, көмекке мұқтаж балаларды анықтау бойынша рейдтер өткізілді.
Облысымыздың үш қаласының орталық көшелерінде жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы жөнінде билбордтар орнатылды.
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстың білім беру басқармасымен бірлесіп жетім және жайсыз отбасылардағы балалар үшін киім-кешек жинақтау бойынша «Аялы алақан» акциясын өткізді. Аталмыш департамент ғимаратында және «Артур» сауда-жәрмеңкелік кешенінде киім-кешектерді қабылдау үшін контейнерлер орнатылды.
Облыс орталығында 200-ден астам облысымыздың кәсіпкерлері мен ұйымдарының қатысуымен мектеп жәрмеңкелері өткізілді. 21-29 тамызда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімімен ұйымдастырылған мектеп жәрмеңкесіне облыс орталығының мыңнан астам тұрғындары барды. Сондай-ақ, жәрмеңке кезінде департаменттің «Құқығым бар» ақпараттық-кеңес беру бөлімі жұмыс істеді. Департамент мамандары, мектеп омбудсмандары, құқықтық шолғыншылар қала тұрғындарына балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес берді. Жәрмеңке кезінде барлық келушілерге акцияға белсенді қатысып, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларға демеушілік көмек көрсетуге шақырумен үнпарақтар, плакаттар, буклеттер таратылды. Жалпы алғанда жәрмеңкеге келушілердің ассортиментке, сол сияқты мектеп құрал-жабдықтарының бағасына көңілдері толды.
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Beeline брендті «Кар-Тел» ЖШС Павлодар филиалымен бірлескен «Балаларға мектепке жол табуға көмектесейік!» атты акциясы өткізілді. Аталған акция қызметінің нәтижесінде облыс балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «300-117» шұғыл байланыс телефонына азаматтардан 137 қоңыраулар түсті, олардың ішінде акция кезінде көмек көрсеткілері келгендер – 59 адам, көмек сұрағандар – 29. Қала және аудандардың білім бөлімдерінің, білім басқармасының сенім телефондарына көмек сұраған 30-дан астам өтініштер түсті. Олардың барлығы оң шешімін тапты.
Барлық білім бөлімдерінде сенім телефондары қызмет атқарды, түскен қоңыраулар бойынша жедел шаралар қолданылды.
«300-117» шұғыл байланыс телефоны мен «Құқығым бар» қоғамдық қабылдауына азаматтардан келіп түскен өтініштерін есепке ала отырып, балалардың құқықтарын қорғау департаментімен балаларды мектепке дайындау кезеңінде көмек көрсетуге мемлекеттік органдарды тіркеу үшін мұқтаж болған 74 баланың деректер банкі құрастырылды.
Акция шеңберінде аз қамтылған отбасылардағы 11155 бала жаңа оқу жылына дайын болды.
Бизнес құрылымдарының, қоғамның және мемлекеттік органдардың әлеуметтік белсенділігінің арқасында ағымдағы жылы 6112 оқушы (2009 жыл – 2656) мектепке дайындық үшін 18 675,6 мың теңге (2009 жылы - 5033,7 мың теңге) көлемінде материалдық көмек алды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда аз қамтылған отбасылардағы балалардың пайыздық қамтылуы 55,3 %-ға өсті, балаларға арналған демеушілік көмек сомасы төрт есеге көбейді. Осылайша, акция барысында «Айналайын» корпоративті қоры 1,5 млн. теңге сомасына 70 баланы мектепке дайындады.
Павлодар облысының «Нұр Отан» ХДП филиалы аз қамтылған отбасылардағы балалар үшін қайырымдылық шарасын өткізді, оның барысында балаларға 225,0 мың теңге көмекке берілді.
«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ы 100,0 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. «Қазақстан алюминий» АҚ ұжымы «Мектепке жол» акциясының шеңберінде Үшқұлын орта мектебінің балаларына 60000 теңгеге кеңсе құралдары бар мектеп портфельдерін сыйлады. Осы балаларға «Мектепке жол» акциясы жалғасын табады, алдағы уақытта зауыттағылар оларға күртешелер мен аяқ-киімдерін сыйлауды жоспарлады.
Облыстық мемлекеттік мекемелердің ұжымдары акцияға белсенді қатысты. Мысалы, облыстың қаржы басқармасының ұжымы 100,0 мың теңгеден астам, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы – 175,0 мың теңге, облыстық сот – 115,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Павлодар қаласының әкімі Б.Жоламанов Кенжекөл ауылы ЖОМ-нің 10 оқушысына өзінің жеке қаражатынан 10 мың теңге бөлді. Сонымен қатар Павлодар қаласы әкімдігінің бөлімдері 52 оқушыға 250 мың теңгеге көмек көрсетті.
Ақсу қаласында көмек көрсетуде белсенділік танытқан «Еуроазиат энергетикалық корпорациясы» және «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ-ның ұжымдары. Ақсу қаласы бойынша балаларға көрсетілген көмектің бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасы 1721,6 мың теңгені құрады. Екібастұз қаласында кәсіпкер А.Бердиева («Гамма» СҮ) № 1 МЛ оқушыларының кеңсе тауарларына 10,0 мың теңге ұсынды, «Екібастұз» футбол клубының президенті Г.Ғабибов футбол мектебінің 4 оқушысына 10,0 мың теңгеге киім сатып алды, Шідерті кентінің кәсіпкерлері 25,0 мың теңге көлемінде 13 балаға көмектесті, «Аққөл» қоры Аққөл мектебінің 29 баласына 43,0 мың теңгеге көмек көрсетті.
Аудандарда ең белсенді болып шаруа қожалықтарының басшылары, орта және шағын бизнестің өкілдері қатысты.
Железин ауданында кәсіпкер Ермек Рәкішев («Ракишев Ермек» ЖК) Кузьмин негізгі білім беретін мектебінің қамқорлығындағы аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы балаларға 100,0 мың теңгеден астам қаржылай көмек көрсетті.
Павлодар ауданында кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтарының басшылары қатарынан 50 демеуші балаларға 1031,95 мың теңге беріп, ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастырды. Мысалы, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қайрат Садыров өз бастамасымен акцияға қатысты, ол Шақат ауылының ЖОМ-нің кейбір оқушыларына қайырымдылық көмегін көрсетті.
Успен ауданында шағын және орта бизнестің 17 субъектілері қатысты. Айталық, Галицкий, Новопокровка, Богатырь ауылдарының орта мектебінің 226 оқушысын, «Шыңғысхан» АШ-ғы Қаратай ЖОМ-нің оқушыларын, Вознесенский, Ольгинский, Павловский, Taволжанский, Ковалевский ауылдарының оқушыларын «БИК» және «Рысмагамбетов» АШ-ры 100 % тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Ертіс ауданында акцияны өткізу кезеңінде 162 балаға көрсетілген демеушілік көмектің сомасы 985,9 мың теңгені құрады. Ауданның бөлімдері, мәслихаты, мектеп мұғалімдері, ҚР АШМ аудандық аймақ инспекциясы, «Майқоңыр» шекаралық бекеті, Майқоңыр ауылы әкімінің аппараты және т.б. демеушілер қатарына енді.
Шарбақты ауданында «ENRC-Көмек» қайырымдылық қорының директоры М.Омаров облыстық «Айналайын» балалар қоры арқылы Шарбақты ауданының №3, Хмельницкий, Есілбай, Шегірен мектептерінің оқушыларына киім және аяқ киім сатып алу үшін ақшалай қаражат бөлді. Кәсіпкерлер, депутаттар, ауыл әкімдері, олардың ішінде Алексеевский, Александровский, Шегірен, Богодаровский ауылдық округтерінің әкімдері, Шегірен ауылдық округінің депутаты К.Машенов, Н.Щербакова («Реал» дүкені), «Шығыс жолдары» ЖШС-нің басшысы В.Лямцев, «Победа» ЖШС-нің директоры А.Поляков, «Абай» ЖШС-нің директоры Т.Омаров, «Гусев» ҚШ-ның басшысы В.Гусев, осылардың барлықтары балаларға көмек көрсетті.
Қашыр ауданында облыс мәслихатының депутаты Песчаный ауылының ЖМЗ-ның директоры Ю.Алекпаров Песчан ауылы ЖОМ-нің 1 сынып оқушыларына бейне камерасын және кеңсе құрал жабдықтарын сыйлады. Аудандық мәслихаттың хатшысы С.Баяндинов Бобровский ЖОМ-нің оқушысына 10 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті, білім бөлімінің бастығы С.Садвақасова Қашыр № 3 ЖОМ-нің оқушысына киім және мектепке қажетті құралдарды сатып алу үшін 10000 теңге табыс етті. «Щербак» ШҚ-ның басшысы И.Щербак Береговой ЖОМ-нің 15 оқушысына 46 000 теңге, ал «Шаров» ШҚ-ның басшысы аталған мектептің 11 оқушысына 44 000 теңгеге көмек берді.
Лебяжі ауданында кәсіпкерлер одағы ұйымымен балаларға жалпы 33 900 теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсетілді. Көп балалы отбасындағы балаларға жылы киім, аяқ-киім, қысқы киімді сатып алу мақсатында білім беру қызметкерлерімен көмек көрсетілді. Олар мектеп жұмыскерлерінің балалары. Мектеп жәрмеңкелерін өткізгенде облыс орталығының кәсіпкерлерімен (Н.Игнатьева, П.Темишева, Н.Сухоносинко, Е.Арын) 47 мың теңге көлемінде қаржылай көмектесті.
Баянауыл ауданында «Унистрой-ПВ» ЖШС-гі Ж Аймауытов атындағы ЖОМ-нің 6 оқушысына 75,0 мың теңге көмек көрсетті. Мемлекеттік қызметшілер көп балалы және толық емес отбасылардағы 43 балаға 380 мың теңгеге мектепке қажетті құралдар мен киімдер сатып әперді.
Павлодар қаласының трамвай басқармасының (А.Криса) және №1 автобус паркінің (С.Ватутин) басшылары департаменттің трамвай маршрутында акция ролигін хабарландыру және ең тиімді автобус маршруттарында акцияның логотипі бар үнпарақтарын орналастыру туралы ұсынысты қолдады.
Акция барысында облыстың білім беру ұйымдарымен базар, вокзал, ойын-сауық мекемелерінде 4079 рейд, құқық қорғау органдарымен бірлесіп девиантты мінез-құлықты оқушылардың пәтерлеріне барып шығу мақсатында 1395 рейд өтті.
Акция барысы біздің қоғамда аталған мәселелерге түсінушілік танытатын жанашыр жандардың көп екендігін көрсетті.
Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті.

