Облыстық «Сарыарқа самалы» және «Звезда Прииртышья» газеттерінің мемлекеттік органдармен бірлескен жаңа жобасы өз жалғасын табуда. Жоба шеңберінде 2010 жылдың 26 қазаны күні сағат 15.00-17.00-ге аралығында облыстық басылымдар редакциялары Павлодар облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Манас Сабаншиевпен «Қазақстан Республика-сындағы құқық қорғау қызметі және сот жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары туралы» Мемлекет басшысының Жарлығын жүзеге асыру» тақырыбында «Тікелей желі» өткізеді.
Кез-келген оқырман өзін толғандырған мәселесін алға тартып, алдын ала және «Тікелей желінің» өту барысында хабарласа алады. «Тікелей желі» шарасы облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің редакциясында – мәжіліс залында өтеді. Тікелей желі барысында 32-00-53 телефонына хабарласу қажет. Барлық сауалдарға осы номер арқылы жауап беріледі. Сонымен қатар, оқырмандар қазірден бастап алдын ала өз сауалдарын қойып, мәселелерін жеткізуіне мүмкіндік жасалған. Ол үшін 32-00-53, 32-37-62, 32-26-72, 50-06-33 телефон номерлеріне қоңырау шаласыздар. Толғандырған сауалдар Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript электронды пошта адресімен де қабылданады.
Қапы қалмай, хабарласыңыздар!

