«Бес асыл» жастарға сыйлық жасады

Жуырда «Бес асыл» серіктестік орталығында алғаш рет ұйымдастырылған «Павлодар облысының ең үздік 100 түлегі» атты кітабының тұсаукесері болып өтті. Жобаны жасауға мұрындық болған Абай атамыздың мінсіз адам туралы «Бес асыл» фәлсафасы екен. Алғаш 200 данамен басылып шыққан кітап осы жылдың қаңтар айында ғана орталық боп тіркелген «Бес асыл» ұжымының көпті қуантарлық жаңа бастамасы. Жаңа кітап тұсаукесер рәсіміне қатысушылардың көңілінен шықты. Балаларының қуанышына ортақ болған ата-аналар да ризашылықтарын білдірді. Қуаныштарын жасыра алмаған жас түлектер кітапты парақтап, мазмұнымен танысуға асықты. Мұнда 225 оқушының қолтаңбасы тіркелген екен. 2010-2011 оқу жылын «Алтын белгімен» тамамдаған 103 оқушының аты-жөні тіркеліп, 37-сі қолтаңбасын қалдырған. Жобаның орындалуына өз үлестерін қосқан Павлодар облысы бойынша жалпы орта білім беру мектептерінің түлектері «Бес асыл» қоғамдық қорының директоры, «Павлодар облысының ең үздік 100 түлегі» кітабының авторы Ләззат Асқароваға алғыстарын айтып, басылымға байланысты ой-пікірлерімен бөлісті. Жасөспірімдер үшін бұл жобаның маңызы өте зор. «Кітапты шығарар алдында біз алдымызға арнайы мақсат қойдық. Облыс мектептеріндегі түлектер жекелей өзін-өзі танып-білудегі құндылықтарды меңгеріп, әлеуметтік мәселелерді шешуде өз үлесін қосуға құқы барын біліп, болашақтағы мақсат-міндетін, өмірдегі орнын өздері айқындап, әлемге деген аналитикалық, конструктивтік, сыни көзқарасын қалыптастыруға, патриоттық рухын арттыруға және ұстаз ретінде қоғамдағы белсенділіктерін, пікірлері мен ұстанымын қолдау керек»,-дейді Ләззат Қажытайқызы. Сонымен қатар жасөспірімдер үшін ілгері басқан жаңа бастамаларына ата-аналары мен ғылыми жетекшілерінің берген дұрыс ақыл-кеңесінің де көмегі зор. «Зияткерлік еңбектің жағымды имиджінің және жоғары қабілеттерінің қоғамда орнығуында жасөспірімдерге ықпал ету, отансүйгіштік сезімді дамыту, инновациялық технологияларды қоғам өмірінің барлық салаларына енгізу арқылы ұлттық құндылықтарды сақтауға атсалысу қажеттігін түсіндірмек болдық»-дейді ұстаз. «Ұстазы мықтының ұстамы мықты» деп бекер айтпаса керек. Сөз соңында Ләззат Қажытайқызы осы кітапты жарыққа шығаруда айрықша көмек көрсеткен Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Е.Арынға, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының» төрағасы Б.Назимовқа, «Open Technologies Corporation»-ның директоры К.Ахметовқа және «Іnfesms kz» серіктестігінің коммерциялық директоры М.Абеновқа және «ЭКО» серіктестігіне алғысын білдірді.

 

А.САИТОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31