Қадамыңа гүл бітсін, СерІкболсын!

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатында жас дарын иесі Серікболсын Дүйсенбайдың «Туған жербесік дүние» атты алғашқы жыр жинағының тұсаукесері өтті. Гимназия өмірінде орын алған салтанатты шараға қатысқан «Шаңырақ» халық шығармашылығы және ойын-сауық орталығының директоры Ермұрат Тілегенов, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Қайыр Батырбек, «Ертіс дидары» газетінің редакторы Арман Қани, мектептегі ұстаздары Нұрмұхан Жүнісов пен Мұхатжан Исмаилов өнерлі жасқа жылы лебіздерін айтып, ата-анасына алғыстарын білдірді. Павлодар облыстық мәдениет басқармасы директорының орынбасары Бақытжамал Тоқмұхамбетқызы болашақта жас ақынның өнер туындыларын жариялауға қолдау көрсетуге уәде етті.

- Қазақтың халық ертегісінде Ерназардың «Сегіз ұлым - бір төбе, Ер Төстігім - бір төбе» деп айтқанындай, қара шаңырағымыз талай шәкірттердің шамын жағып, жұлдыздарын жарқыратты. Соның ішінде Дүйсенбай Серікболсынның орны ерекше екенін атап кеткім келеді. Қазақ поэзиясының мақтаныштары Мұқағали Мақатаев, Мұзафар Әлімбаев сынды тұлғалардың жолын қуып келе жатқан жас дарынның келешекте ақындықтың алдаспанына айналатынына сенімдімін, - деді Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гиназия-интернатының директоры Айгүл Ахметниязова.

Білім ордасы директорының дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары Мұхит Аутаевтың айтуынша, мектебіміздің мақтанышына айналған дарынды балалар саны күннен-күнге артуда. Қабілетті, еңбекқор балалармен жұмыс жасау үшін мектеп барлық жағдайларды жасауда.

Сонымен қатар ол облысымыздың түкпір-түкіпірінен жиналып, білім қууды мақсат еткен балаларға мектеп-интернатта бірінші кезекте қазақ халқының киелі өнерін бойларына сіңіру жолында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жасырмады.

«Жігітке жеті өнер де аз» демекші, талант иесі «Алтын белгіге» үміткер, облыстық, республикалық ақындар мүшәйраларының бірнеше мәрте жеңімпазы атанған Серкіболсынның бойынан тек суырып салма ақындық пен жазба ақындық қана емес, сондай-ақ ғылымдардың патшасыматематикаға деген қабілеттілік бар екенін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.

Мәдени шара барысында Серкіболсын Дүйсенбай әдеби туындыларынан шашу шашып, жиналған жамағаттың қошеметіне ие болды.

 

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31