Ғылым және білім беру саласындағы халықаралық қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ПМПИ ректоры Жанмырза Нұрмағанбетовке «Вена қаласы Халықаралық университетінің құрметті профессоры» атағы берілді.
Вена қаласының халықаралық ғылыми кеңесінің шешімі Еуропалық Бизнес Ассамблеясының Номинациялық комитеттің қолдауы негізінде, сондай-ақ мемлекеттік билік мүшелері, жеке мекемелер мен кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, белгілі ғалымдар, мамандардың қолдауымен жүзеге асырылады және кәсіби жетістіктердің халықаралық танымға ие болғаны білдіреді.
Қоғам сенімі мен сыйлықтың жоғары мәртебесін айырықша атай келе, Еуропа ректорлары клубының Президенті, профессор Вил Гудхейер ПМПИ-дің ректорын XLVII “Жетекшілердің Оксфордтық саммитінің” аясындағы “Socrates Award Ceremony” атты салтанатты шараға қатысуға шақырды.
ПМПИ-дің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі.

