«Алтын күз» мерекесі аталып өтті

Жақында Павлодар қаласындағы №120-шы балалар бақшасының «Естияр Б» тобында «Алтын күз» мерекесі аталып өтті. Оған балғындармен бірге ата-аналар қауымы да қатысты. Аталмыш мерекеге балалар үлкен дайындықпен келіпті. Кейбірі ән салып, би билесе, енді біреулері жеміс-жидектер туралы мақал-мәтелдер айтып, өлеңдер оқып, мерекенің мазмұнын аша түсті. Кішкентай бүлдіршіндердің өнеріне ата-аналар қауымы тәнті болды. Олар жүздері бал-бұл жанған балғындардың қуанышына ортақтасып қана қоймай, өздері де бір сәт балалық шаққа саяхат жасап келгендей әсер алды. Сондай-ақ отбасында орысша тәрбиеленген кейбір балалардың мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, балабақшадан алған білімінің жемісін көрген ата-аналар қуанышында шек болмады.

Осылайша, әр баланың бойындағы өнерін ашып көрсетуге ықпал еткен тәрбиешілер Арайлым Мүбәракқызы мен Диана Тұрысбекқызының еңбегі зор екенін атап өткен орынды.

Жалпы, қаламыздағы №120-шы балабақша қашанда жақсы істердің жаршысы болып, өзгелерге үлгі көрсетіп жүргені баршаға аян. Сайып келгенде, мұның бәрі - ұжым ішіндегі береке-бірлік пен қызметкерлер біліктілігінің арқасы екені сөзсіз.

 

Гүлнәр ДОСЫМБЕКОВА,

№120-шы балабақшаның ата-анасы,

Павлодар қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 24
25 26 27 28 29 30 31