Дастарқан жайды

 

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

«Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет» демекші, жыл сайынғы дәстүр бойынша «Қамқорлық» айлығы шеңберінде қарттар мен мүгедектерге, жалғызбасты егде адамдарға айрықша көңіл бөлініп, барынша қолдау білдіріледі. Осындай игі істен Ақсу қаласының Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округтің мекеме-ұйымдары мен жеке кәсіпкерлері де тыс қалмай, 170 адамға дастарқан жайып, ауыл қарияларына құрмет көрсетті.

Айлық аясында ауылдың барлық жеке кәсіп иелері, шаруа қожалықтары мен «Агрокорм-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылары, ауыл әкімдігі, мектеп, мәдени-сауық орталығы мен ауылдық дәрігерлік амбулатория ұжымдары қариялар көңілінен шығуға тырысты.

- Осы «Қамқорлық» айлығы шеңберінде, - дейді ауыл әкімі Жамбыл Қайырханов, - жергілікті ауыл кәсіпкерлерімен қатар, қолдау мен көмекті қажет ететін ауыл тұрғындарына Евгеньевка ауылынан «Биосем» өндірістік кооперативі 20 қап және «Ғазиз» шаруа қожалығы 5 қап картоп, «Үштерек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 тоннаға жуық картоп пен қырыққабат бөлсе, «Қамқор» өндірістік кооперативі тегін 40 тіркеме мал азығы - шөп тартуды жоспарлап отыр. «Қамқор» шаруашылығы қазірдің өзінде 23 тіркеме шөпті қариялар мен аз қамтамасыз етілген жандарға жеткізіп берді, - дейді ол.

Тағы бір атап өтерлігі, қайырымдылық көрсетуде осы ауылдың шетте жүрген бұрынғы тұрғындары да тыс қалмаған. Солардың бірі, қазір Ақсу қаласында тұратын Жанат Шаханов деген азамат туған ауылындағы қарияларды қолдауға өзінің қомақты үлесін қосып отыр.

Бұл күні ақ дастарқан басына ауыл қарияларымен қатар осы ауылдан көшіп кеткен еңбек майталмандары да шақырылып, қайырымдылық асына жиналған ақ тілекті ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерді ауыл әкімі Жамбыл Кәрімханұлы мерекелерімен құттықтап, алтын құрсақты ардақты аналарКәбира Бұғабайға, Жұмабике Жұбандықоваға, Айман Самиғулинаға және Т.Сұлтановаға салтанатты түрде «Алтын алқа» алқаларын табыс етіп, құрмет көрсетті. Осындай ақ дастарқан жаюға қол ұшын берген ел азаматтарына шынайы ризашылығын білдірді. Астың салтанатты бөлімінен кейін осы шараға қонақ болып қатысқан Ақсу мешітінің бас имамы Нариман қажы ізгілікті тілегін айта келе, жуырда ғана жөндеу жұмыстарынан өткен ауыл мешітінде еңбек еткен ауыл тұрғындары Ержан Нуркибаевқа, Үнзила Қабылдиноваға, Әтейхан Хавалғаниға, Жәзира Құзайырға, Фида Сатридиновқа шын көңілінен шыққан алғысын айтты. Бұдан соң дүниеден өткен аруақтарға арнап құран бағыштап, Аллаһ тағала халқымызға екі дүниеде де рахат көрсетсін деп тіледі. Мешіт демекші, оны жөндеуге ауыл тұрғындары 100 мың теңгедей қаражат жинап, имандылық үйін жаңартқан.

Жалпы, бұл күні ақ дастарқан басында көптеген ақ тілектер айтылды. Әсіресе осы сауапты іске дән риза болған ауыл қариялары бірінен соң бірі жүрекжарды тілектерін жеткізіп, Сансызбай Абдуллин бастаған ауыл өнерпаздары халық әндерін орындап, осындай мерекелік шараларда бас қосатын ауыл жұртшылығы бір марқайып қалды.

 

Ерсін ЖҰМАДІЛОВ,

Ақсу қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30