ЕСКЕРТКІШ МАҢЫ ТАП-ТҰЙНАҚТАЙ ТАЗА

Қала әкімінің тоқсан сайынғы халықпен кездесіп, өткізетін жиынында Қызылжар ауылындағы ескерткіштің мүшкіл халі сөз болған еді. Бұл мәселе қаперге алынып, реттелді. Біз Қызылжар ауылына арнайы іссапармен барған кезде, ауыл әкімі Ерлан Мықтыбаев ең алдымен ескерткішке баруды, оны көзімізбен көруді өтінді.

Біраз жұмыстар атқарылыпты. Ескерткіш маңы тап-тұйнақтай етіп тазартылған, қоршалған, сырланған. Елі мен жерін жаудан қорғаған, өткен тарихтан сыр шертетін бұл ескерткішке әрбір мерекеде мектеп оқушылары, тіпті үйленген жастар келіп, тағзым ететін көрінеді.

Ескерткіш - халық мұрасы. Мұндай ескерткіштер бүгінгі ұрпақты патриоттық сезімге, ұлтжандылыққа баулитын, асыл қазына.

- Бізде апта сайын «таза жұма» апталығы өтеді. Міндетті түрде ескерткіш маңын тазалап отырамыз. Жазда «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша оқушылар тазалықпен айналысты. Сонда бұл ескерткіш тысқары қалған емес, - дейді ауыл әкімі Е.Мықтыбаев.

 

Шамшат ЖҮНІСҚАЛИ,

Ақсу қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30