Жуырда ұлағатты ұстаз, білім саласының озық қызметкері, Жамбыл атындағы мектептің алғашқы түлегі - Ізбасар Қаймолдаұлының мектеп бітіргеніне 50 жыл толуына арналып, ерлер арасында үстел теннисінен турнир өтті.
Сайысқа барлығы 15 адам қатысты. Мектеп оқушылары арасында 1-орынды Асқар Зейнелқабдыл, 2-орынды Рамазан Қабдығалым, 3-орынды Серікжан Хадыс иеленді.
Ал мұғалімдер арасында 1-орынды Нұрболат Темірғалиев, 2-орынды Қайрат Құдайберген, 3-орынды Ерғанат Мағзұмов жеңіп алды. Спорт ардагерлері арасындағы бәсекелестікте 1-орынды М.Омаров ауылынан Қанат Қасымов қанжығасына байласа, 2-орынды Май ауданынан Әскербек Ахмедиев, 3-орынды Ақтоғай ауданынан Бәкен Әленов иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.
Қ.ҚАСЫМОВ,
М.Омаров ауылы.

