ЕРКЕЛІК БАР МА, ЕР ЖЕТТІМ БЕ?

Жуырда Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 мектеп-лицейінде «Еркелік бар ма, ер жеттім бе?» деген тақырыпта ток-шоу ұйымдастырылды. Мектеп ұжымының ұсынысы әрі қолдауымен дайындалған шарада оқушылар өздеріне іштей қоятын сансыз сауалдарын сыртқа шығарып, көпшіліктің назарына ұсынып, пікір алмасты. Ток-шоуға С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары - физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Ғафур Мұқанұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қырықбай Алдабергенов және ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Ұлан Әлмішев қатысты. Сонымен қатар ата-аналар қауымынан Павлодар облысының құрметті азаматтары атсалысып, өз ойларын ортаға салды. Кешті қазақ журналистикасының ардагері Жұмасейіт Бижан жүргізді.

Ток-шоу барысында ғалымдар оқушыларға еріншектіктен, бойкүйездіктен, жалқаулықтан арылудың жолдарын ұсынды. Сондай-ақ, достық, ата-анаға сыйластық, ата-ананың балаға деген қамқорлығы мен мейірімі туралы тұшымды пікірлер айтылды. Шараны ұйымдастыруда белсенділік танытқан ардагер журналист Жұмасейіт Бижанның айтуынша, мұндай кештер баланың ойын еркін жеткізуге әрі жасық болмауға жетелейді. «Шараны осы мектептің ата-аналар комитеті ұйымдастырды. Жалпы, №10 мектеп-лицейі өзге білім ордаларынан осындай ұйымшылдығымен ерекшеленеді», - дейді Жұмасейіт Қоғабайұлы. Аталған мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Айгүл Қабдуалиқызы танымдық кештерді ұйымдастыруда ата-аналардың еңбегі ерен екенін алға тартты. «Мұндай ток-шоулар ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы байланысты нығайта түсері сөзсіз»,-дейді ол. «Алға қойған әлі де жоспарларымыз бар. Мұндай іс-шараларды алдағы уақытта көптеп ұйымдастыруды көздеп отырмыз. №10 мектеп-лицейінің ата-аналары бірлесіп «Аналар» және «Әкелер» клубтарын құрған болатын. Клубтардың басты мақсаты - оқушылар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайта түсу»,- деді өз сөзінде №10 мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Гүлжанат Апушева. Кеш барысында қазақтың бас ақыныАбайдың философиялық ойларынан мысалдар келтірілді. Осы мектептің 9-сыныбында білім алатын Еркебұлан Тұрархан мұндай шаралар көптеп ұйымдастырылып тұрса деген ниетін жеткізді.

 

Фархат ӘМІРЕНОВ,

Павлодар қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30