МҮГЕДЕКТЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістер мүгедектіктің түйінді мәселелеріне жаңаша қарауды қажет етеді. Қазақстан 2008 жылы желтоқсанда мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына қол қойған болатын. Сөйтіп, еліміз адам құқықтарын мүгедектік саласы бойынша жүйені өзгертуге ниетті екенін білдірді. Бұл мүгедектердің әлеуметтік белсенділігін арттыруға жағдай жасайды.

Осыған байланысты жақында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы В.А.Берковскиймен әңгімелесіп, конвенция талаптарын жүзеге асыру барысы туралы айтып беруін өтіндік.

 

- Мүмкіншілігі шектеулі адамдарды оңалту жөніндегі жұмысты ведомствоаралық үйлестіру мақсатында әкімдіктің қаулысымен құрылған, облыс әкімінің орынбасары басшылық ететін мүгедектер істері жөніндегі облыстық кеңес жұмыс істейді, - деді В.А.Берковский. Кеңесте мемлекетпен кепілденген экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шаралар жүйесін іске асырудың өзекті мәселелері қаралады. Бүгінгі күні мүмкіншілігі шектеулі адамдарға көрсетілетін барлық қызметтер бір міндетті шешуде – мүгедектерді оңалтудың медициналық моделінен әлеуметтік модельге ауысу үшін жағдайлар жасалуда, яғни қоғамды ағза функцияларын жоғалтқан адамдар мұқтажын шешуге жұмылдыруда.

Павлодар облысында бүгінгі таңда 27 713 мүгедек (3355 адам - 1 топтағы мүгедек; 12729 – 2 топтағы мүгедек; 9033 – 3 топтағы мүгедек), соның ішінде 2187 бала тұрады. Қоғам осы адамдарға ерекше көңіл бөліп, көмектесуі қажет.

Мүгедектердің ең көп бөлігі - еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Мүмкіншілігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалтудың басты мақсаты - оларға жұмыс істеуге, өздерін қамсыздандыруға, қоғамға пайдаларын тигізуге, лайықты өмір сүруге мүмкіндік беруде. Қазіргі уақытта мүмкіншілігі шектеулі 1701 адам тұрақты, әлеуметтік жұмыс орындарға, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға орналастырылды. Қазіргі уақытта мүгедектерді әлеуметтік оңалту жұмысы оңалтудың жеке бағдарламалары (ОЖБ) негізінде жүргізіледі. Жыл сайын қолданылатын шаралар нәтижесінде әлеуметтік оңалту бойынша ОЖБ орындалуы 80 пайыздан асады.

- Оңалту шараларын қаржыландыру қалай?

- Мүгедектерді оңалту жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары 480 млн. теңгеге (ескертпе: облыс мемлекеттік органдарымен, яғни әлеуметтік қорғау, спорт, мәдениет және т.б. қарастырылған қаржының жалпы сомасы) толық көлемде қаржыландырылды. Бұл - 2009 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Бюджет қаржысы есту, көру қабілеті, жүріп-тұру мүшелерінің функциясы бұзылған мүгедектерге көмекші (компенсаторлық) техниканы сатып алуға, сондай-ақ жалпы науқастықтан мүгедектерді әлеуметтік қолдауға жұмсалған. Бұл биыл мүгедектерге 121 кресло-арба сатып алып, бөлуге, еуропалық сападағы 233 есту аппаратын беруге, 123 зағип мүгедекті Ресейде шығарылған тифломагнитолалармен қамтамасыз етуге, зағип және нашар көретін адамдарға арналған облыстық кітапханаға 2,2 млн.теңге тұратын тифлокешен сатып алуға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылғы 11 айдың ішінде 1779 мүгедек және ардагер «Саялы» (Қарағанды), «Денсаулық» (Шымкент), «Мойылды» (Павлодар), «Ардагерлер үйі» (Павлодар) санаторийлерінде сауықтырылды.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 1000-нан астам мүгедек протездеу-ортопедиялық, соның ішінде жаңа технология бойынша жасалған бұйымдармен қамтамасыз етілді.

Жыл сайын 80-100-ге дейін мүгедек студент облыстық бюджет қаражаты есебінен оқытылады, бұл ОЖБ 100 пайызға орындалуын құрайды. Оқуларын аяқтаған адамдардың ішінде 84 пайызы жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылы комиссиямен облыстың жоғары және орта оқу орындарының 99 студенті мен мүгедек оқушыларына оқуларын жартылай өтеу үшін 7 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Облыста бұрын республикалық бюджет қаражаты есебінен 100 орынға арналған оңалту орталығын салу жоспарланған, бірақ кейінгі мерзімдерге ауыстырылған болатын. Жуырда облыс әкімі Б.Ә.Сағынтаев жергілікті бюджет есебінен мүгедектерді әлеуметтік оңалтудың облыстық орталығын ашу туралы тапсырма берді. Қазіргі уақытта басқармамен осы тапсырма бойынша ұйымдастыру жұмысы жүргізілуде, келесі жылдың басынан бастап орталық жұмыс істей бастайды деген ойдамыз.

- Мүгедектерге қол жетімділік бағытындағы істер қандай?

- Мүгедектерге тең мүмкіншіліктер жасаудың негізгі шарты – Қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі Конвенция қағидаттарын сақтауда. “Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы” Заңына сәйкес облыста әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін мүгедектерге қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін шаралар қолданылуда.

Соңғы үш жылдың ішінде әлеуметтік инфрақұрылымның бір де бір нысаны пандуссыз салынған жоқ. Бұл мектептерге, спорт ғимараттарына, мәдениет, денсаулық объектілеріне қатысты. Сонымен бірге осы нысандар орналасқан ғимараттардың көбісі кеңес заманында салынған және қайта салуға қосымша қаржы қажет.

Мүмкіншілігі шектеулі адамдардың қоғамдық ғимараттарына кіріп-шығуын қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру мақсатында облыста жұмыс тобы әрекет етуде, соның құрамына мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілген.

Биыл 5970 нысанды түгендеу жүргізілді, соның ішінде 4272 нысанда (71,6%) мүгедектердің қол жетімділігі қамтамасыз етілген. Қол жетімділікті қамтамасыз етуді қажет ететін нысандар саны 1698 немесе 28,4 пайызды құрады.

2011-2015 жылдар ішінде әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандарының қол жетімділігін қамтамасыз етуге, шамамен, 75 526,0 мың теңге қажет болады.

5 жылдың ішінде 497 қоғамдық ғимаратта СНиП бойынша тұтқасы бар пандустар, 3 ғимаратта көтерме құралдар орнатылады. Мүгедектер тұрып жатқан 13 үйде пандустар мен көтерме құралдарын орнату үшін 10 900,0 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылды.

Сонымен бірге, мүгедектерге барлық көлік түрлеріне мініп-түсу қиын. Облыста 1%-дан кем емес автобустар мүгедектерді көтеруге арналған құралдармен жабдықталған. Жаяу адамдар өтетін жерлер аса қауіпті орындарда нашар көретін немесе тіпті көзі көрмейтін адамдарға арналған дыбыс беру құралдарымен жабдықталмаған. Жалпы пайдаланыстағы 814 бірлік көліктің 153-і, немесе 18,8 пайызы арнайы құралдармен жабдықталған. 2011 жылы 15 жолаушылар аялдамасы осы мақсатпен 83,0 мың теңге сомасына жабдықталады.

Қалалар мен аудандарда осы түйінді мәселелердің барлығы келе-келе өз шешімін табады, 2015 жылға қарай мүгедектердің кіріп-шығуына бейімделмеген нысандар саны едәуір азаяды. Бүгін біз үшін мүмкіншілігі шектелген адамдарға қол ұшын беріп, көмектесу қалыпты іске айналды.

Мысалы, Павлодар және Екібастұзда 12 жылдан бері арбадағы мүгедектерге және ДЦП-мен ауыратын балаларға көтеру құралдармен жабдықталған арнайы автомобильдермен көлік қызметтері көрсетіледі.

“Самал” қоғамдық бірлестігі 15 жыл бойы мемлекеттік оңалту орталығымен бірдей ДЦП-мен ауыратын балалардың оңалтуын жүргізіп келеді. Өңірімізде осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Мүмкіншілігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсету, ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметі, жалғызілікті мүгедектерге үйде қызмет көрсету – мемлекеттік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар көрсететін қызметтердің толық емес тізбесі.

Былтыр “Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы” Заң күшіне енді. Осы заңды орындау үшін барлық ведомстволық бағыныстағы 8 медициналық-әлеуметтік мекемеде тамақтандыруға деген шығындар екі есеге жуық көбейтілді, өмір сүру және қызмет көрсету жағдайлары жақсартылды. Осының барлығы мекемелердегі моральды-психологиялық ахуалға игі әсер етеді.

Бүгінгі таңда облысымыз қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінде, балаларды сауықтыру орталығында орындармен қамтамасыз етілген. Психохрониктер үйінде орынмен қамтамасыз етуді жақсарту міндеті тұр. 2011 жылы 200 орынға арналған қосымша корпусты салуға облыстық бюджеттен 240 миллион теңге қарастырылды. Бұл кезекте тұрған адамдардың орналасу мәселесін айтарлықтай шешетін болады.

Мүмкіншіліктері шектеулі адамдарға қатысты аймақта жүргізіліп жатқан саясат пен іс-шаралар мүгедектердің әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, олармен материалдық тәуелсіздігіне және қоғамда бейімделуге бағытталуы керек. Осыған біз жаппай күш-жігерімізді салып, жете аламыз.

- Әңгімеңізге рахмет!

 

Сұхбаттасқан Ө.ТАСТЕМХАНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 28
29 30