Мұқтаж жандарға көмек

Павлодар қаласында әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы нашар отбасыларына қамқорлық көрсетіп жүрген қалталы азаматтар мен қайырымдылық қорлары аз емес. Солардың бірі-Бақытбек Баткиев басшылық ететін «Асыл ұрпақ» қайырымдылық қоры.

Таяуда аталмыш қор қаладағы әлеуметтік көмекке мұқтаж екі жүз адамға азық-түлік өнімдері мен тұрмысқа қажетті шаруашылық заттары салынған пакеттерді тарту етті. Атап өтерлігі, мұндай көмекке ие болғандардың қатарында жалғызбасты зейнеткерлер, ардагерлер мен шеттен көшіп келіп жатқан отбасылары да бар.

Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Роза Шамкенова: «Қоғамның әлеуметтік жағдайын жақсартуға ат салысып жүрген қолы ашық азаматтарға айтар алғысымыз шексіз. Құрбан айт мерекесі қарсаңында да «Асыл ұрпақ» қайырымдылық қоры Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешітте құрбандық шалып, қала тұрғындарына ас берді. Жарлыны жарылқап, жетім-жесірлерге көмек беруден аянбаған осындай мейірімді жандар арамызда көп болса екен деймін», - дейді.

«Асыл ұрпақ» қайырымдылық қорына «Сүт» акционерлік қоғамы мен басқа да бірқатар жергілікті серіктестік өкілдері демеуші болған екен.

Н.АҚЫТЕГІ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29