Жуырда Біріккен Ұлттар Ұйымы еріктілерінің бағдарламасы және Қазақстанның азаматтық Альянсының қолдауымен Бурабай жерінде бірінші республикалық волонтерлік лагерь ұйымдастырылған болатын. Республикамыздың волонтерлерінің басын біріктірген ауқымды шараға «Әлеуметтік волонтерлік орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері де қатысып, тәжірибе жинақтап қайтты.
Қазақстандағы БҰҰ еріктілер бағдарламасының өкілдері, Бейбітшілік корпусының волонтерлері, сондай-ақ Қытайдан келген сарапшылардың қатысуымен ерекшеленген басқосу барысында арнайы оқыту тренингтері мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.
- Республикалық волонтерлік лагерьдің қатысушылары бірнеше секцияларда жұмыс істеді. Павлодар облысынан барған делегаттар «Ұйым және волонтер: өзара әрекеттесу әдістері», «Қоғамға қызмет ету», «Волонтерлік кампанияны жоспарлау» және тағы басқа тақырыптарды қамтыған секцияларға қатысып, мол мағлұмат алдық. Біз «Волонтерлердің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қосар үлесі» тақырыбындағы секция жұмысы ерекше қызығушылық таныттық, - дейді «Әлеуметтік волонтерлік орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Гладышева.
Волонтерлік ұйымдардың өкілдерін оқыту және олардың іс-қимылдың жаңа әдістер мен технологияларды енгізу арқылы Қазақстан Республикасында волонтерлік іс-әрекеттің мәдениетін қалыптастыру бағытында үш күн бойы жұмыс атқарған лагерь волонтерлердің халықаралық күні қарсаңында қатысушылар үшін тамаша сыйға айналғаны сөзсіз.
Ақмарал Есімханова.

