АТАНЫҢ АЙТАРЫ БАР ҰРПАҒЫНА

 

Сартай ҚайдарұлыЛебяжі ауданында туып-өскен, осында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен азамат. Бүгінде Құдай қосқан қосағы Кенжетаймен бірге балалары мен немерелерінің қызығын көруде. Өмірден көрген-түйгені мол, зерек те алғыр жан биыл көптен бері ойға алған ісі өзінің «Уақ» деп аталатын кітабын шығарудың сәтін түсірді. Ол жас ұрпаққа арнаған сөздерім, бастан кешкендерім, жақсы адамдармен жолдас болғаным кітап арқылы жариялы болсын, мұраға айналсын деп ойлаған.

 

«Жеті атасын білмеген жетесіз» дегендей, балалар мен немерелер ата-бабасын, тегін жақсы білсін, ата-бабасын құрметтесін деген игі ниетпен жыр жолдарымен өткенді бір шолады. «Уақтың Жансары атасынан, бергісі Кенебай болып тараған ата-бабамның рулық жүйесінде Уақ-Жансары-Кенебайдың тоғызы деген атпен ру-шежіренің белгілі бір бөлімін өлең-қисса етіп жарыққа шығаруды бабаларымның алдындағы парызым деп білдім» деп жазады автор.

Кітаптың «Аққу сыры» деген бөлімінде автор өзінің «махаббат, қызық мол жылдары» жайында жазады. Адамның сүйгеніне қосылып, отбасын құрудың үлкен бақыт екендігін, қыз жүрегіне жол тауып, сеніміне ие болу жігіт үшін үлкен сын екендігін білдіреді. Жастайынан ақындық қабілеті бар Сартай Қайдарұлының болашақ жарына арнаған өлеңдерін оқып, сол замандағы жастар арасындағы пәк, таза сезім, сүйіспеншілікті байқайсыз. Қазіргі жастарымыз мөлдір махаббатты болса, сүйіспеншілік сезімді жоғары қойып, бағалай білсе, отбасын құруға үлкен жауапкершілікпен қараса, қателіктен аулақ болса, қоғамымыз бұдан көп нәрсені ұтар еді-ау деген ой оқырман бойын билейді.

Ата-бабадан келе жатқан ұлттық құндылығымызтазы ұстап, аңшылық құру десек, «сегіз қырлы, бір сырлы» замандасымыз Сартай Қайдарұлының саятшылық өнерден де кенде емес екенін байқаймыз. Кітапта жерлесіміздің аңшылықтағы бастан кешкендері қызықты етіп суреттеліпті.

Емшілік өнерімен елге танылып, құрметке бөленіп жүрген Жақып қажының жақсылығы көп. Осы абзал жан туралы дастан да өзінің лайықты орнын алған.

Жас ұрпақ тәрбиесіне сыр шертіп, жете мән беріп, осы тақырыпқа шығармалар жазған Сартай Қайдарұлының кітабы оқырманға ой салады, ізгілікке жетелейді.

Ө.РҮСТЕМОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31