ӨНЕРЛІ ҚЫЗ ЖАНАТ

Жанат Жәкенова Павлодар педагогикалық колледжінің 4-курс студенті. Ол 1991 жылдың 15 желтоқсанына қараған түні Шарбақты ауданының Шалдай ауылында дүниеге келген. Жанаттың әкесі Темірболат оған: «Қызым, сен бізге ұмытылмас қуаныш әкелдің. Отбасымызға бір сәби келді деп мәз болып жатқанымызда, араға күн салып «Отанымыз тәуелсіздік алды» деген жағымды жаңалық та жетті. Қандай бақыт десеңші!.. Балам, тәуелсіздікпен қатар келген екенсің, енді ел үмітін ақтайтын ерекше ару болып өсуің керек. Себебі, бұл тәуелсіз елдің ертеңі - сендерсіңдер!», - деген екен.

Бала кезінен ұстаз болуды армандаған Жанат қазір алдына қойған асыл мұратына жетіп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша білім алуда. «Болашақта ауылдық жерге барып, ұстаздық еткім келеді. Басты мақсатым - ауыл мектептеріне жаңашылдық енгізіп, тәуелсіз еліміздің қара домалақтарының білім деңгейін көтеру», - дейді. Орта мектепті орысша оқыса да, колледжде қазақ тілінде білім алып жатқан Жанат үздік дипломға үміткер. Жастайынан екі тілді еркін меңгерген бойжеткен қыздың тілі шешен, ой-өрісі биік. Студент қатарына қосылғаннан бері қала мен облыста, республикада өткен пікірталастарға қатысып, сөз майданында қарсыластарын жеңе білуде. Ол Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған халықаралық дебат турниріне қатысады.

Өнер-білімге құштар Жанат неміс және грек тілдерін де үйренуде. Шабыты келгенде өлең, қолы қалт ете қалса, көркем шығарма жазатын өнері бар. Сонымен қатар алдағы уақытта өз шығармашылықтарын жинап, жаңа кітап шығаруды жоспарлауда.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31