Таяуда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аманқос Өтегенов пен Елубай Оразалинов Ақсу қаласында тұрғындармен кездесті.
Депутаттар елімізде Қазақстан-2030 стратегиялық жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқан ауқымды шараларға кең тоқталды. Халық тұрмысын жақсартуға бағытталған жұмыстардың нәтижелері және бұл бағытта алда тұрған міндеттер туралы әңгімеледі.
Сайлаушылар сұрақтар қойып, белсенділік танытты.
Қала әкімі Оразгелді Қайыргелдинов халық қалаулыларына кездесу өткізгені үшін алғыс айтты.
Сәбира САҒЫНАЙ,
Ақсу қаласы.

