«СамаЛ» қайырымдылыққа шақырады!

 

 

Үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап «Менің арманымның алаңы» атты қайырымдылық марафоны жарияланғаны белгілі. Аталмыш шараны өткізуге «Самал» оңалту орталығы, «Қазақстанның скаут қозғалысы» қоғамдық қоры мен Германияның скаут қозғалысының өкілдері, «Невада-Семей» қозғалысының облыстық филиалы, сондай-ақ облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Павлодар қалалық бөлімі мұрындық болды.

 

Ауқымды шараның аралық қорытындысын жариялау мақсатында Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында қайырымдылық концерт ұйымдастырылды. Оған қаламыздағы жоғары және арнаулы орта білім беру мекемелерінің өкілдері, мемлекеттік құрылым қызметкерлері және Қазақстан скауттары қозғалысының мүшелері мен Германиялық өкілдер қатысты.

«Самал» оңалту орталығының директоры Зинаида Багненконың айтуынша, марафонды өткізудегі басты мақсатмүмкіндігі шектеулі балаларға спортпен шұғылдануға, сауықтыру шараларын ұйымдастыру және демалуға арналған алаң құру болып табылады.

- Қайырымдылық марафонының жобасы 12 миллион теңгеге жоспарланып отыр. Акцияға қатысуға бірқатар кәсіпорындар мен мекеме қызметкерлері ниет білдіріп, көмектерін көрсетіп жатқанына қуаныштымыз. Бүгінгі күнге дейінмиллион 117 мың теңге көлемінде қаражат жиналды. «Самал» оңалту орталығының балаларына арналған алаң орталықтың 15 жылдық мерейтойына үлкен сый болары сөзсіз, - дейді Зинаида Дмитриевна.

Қайырымдылық концертте орталық өнерпаздары мен өңіріміздің жас жұлдыздары жұртшылыққа ән мен биден шашу шашты. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Нұрлан Мұқаш, «Классик» би студиясының бишілері, сондай-ақ «Самал» орталығының күміс көмей әншісі Любовь Безукладникова өзінің авторлық әнін шырқап, кештің сәнін келтірді.

Шарапаты мен игілігі мол марафон 2011 жылдың 25 сәуіріне дейін жүргізілмек.

А.ЕСІМХАНОВА,

Павлодар қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 29 30 31