«SAPA» БАЙҚАУЫ мәресіне жетті

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде облыс жастары арасында ұйымдастырылған «SAPA» (Social Advenisement Pavlodar Award) атты әлеуметтік жарнама байқауы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Аймағымызда екінші мәрте ұйымдастырылған байқау «Адал іс» айлығы аясында жүзеге асты.

Марапаттау рәсімі барысында спорттық жарыстардың жеңімпаздары марапатталып, сыйлықтар табысталды. Мини-футболдан өткен додада І орынды ИнЕУ колледжінің құрамасы қанжығасына байлады. Ал волейбол бойынша өткен жарыс қорытындысы бойынша Павлодар қаласының №4 мектебінің спортшылары жеңімпаз атанды.

Әлеуметтік жарнама сайысына жарнама саласындағы кәсіби мамандармен қатар, әуесқой авторлар да бақтарын сынауға мүмкіндік алды. Жастардың шығармашылықтарын ынталандыру мен әлеуметтік жарнаманы дамытуға бағытталған сайысты ұйымдастыру комитетіне бір ай көлеміндегі уақытта 100-ден аса жұмыс тапсырылған. Олардың арасынан үздік деп танылған авторлық жұмыстар «Дебют», «Үздік образ», «Үздік сценарий», «Үздік әлеуметтік ролик» аталымдары бойынша марапатқа ие болды. Қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша облыс орталығы жастарының арасында өткен «SAPA» әлеуметтік жарнамалар байқауының гран-при жүлдесін Катаев атындағы оқушылар сарайы жанындағы тарихи-өлкетану музейінің «Мұрагер» клубы дайындаған видеоролигі жеңіп алды. Әлеуметтік ролик «40-50 жылғы саяси қуғын-сүргін құрбандары» тақырыбына арналған.

Салтанатты шараға қатысқан қауым өңіріміздің өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасы мен байқау қатысушыларының әлеуметтік жарнамаларын тамашалады.

 

А.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ,

Павлодар қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 31