МАҚСАТ – СЕРІКТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ

Сейсенбі күні Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аналитикалық ақпарат орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесіне қарайтын облыстық «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья», «Регион.kz» газеттері және «Аймақ айнасы» веб-порталының ұжымы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің басшылығымен кездесті. Дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылған шараға білім ошағының студенттері, оқытушы-профессорлар құрамы және бөлім басшылары қатысты.

Басқосудың негізгі мақсаты оқу орны мен облыстық мерзімдік басылымдармен қарым-қатынасты нығайту, өзара серіктестікті дамытудың жұмыс жоспарын бекітіп, екі жақты жаңа ұсыныстар мен пікірлерді ортаға салу болды. Жиын барысында сөз алған университеттің стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Мейрам Бегентаев: «Бүгінгі таңда кез келген мекеменің бет-беделі мен атқарған жұмыстары басылымдар арқылы көпшілікке жол тартады. Бұл ретте облыстық газеттердің алар орны айрықша» деп, аймақтық басылымдар мен білім ордасының арасындағы серіктестік алдағы уақытта да үзілмей, жандана түсетінін жеткізді. Университет тарапынан облыстық «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» және «Регион.kz» газеттері қызметкерлерінің еңбегі бағаланып, Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Дөңгелек үстелге қатысушылардың арасында еркін сұхбат жүргізілді. Облыстық газеттердің Бас редакторлары Ерлан Арын басқаратын университет ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Қатысушылар назарына облыстың бетке ұстар басылымдарының ұжымы мен тарихын таныстыру мақсатында «Аналитикалық ақпарат орталығы» дайындаған бейне-баян ұсынылды. «Аналитикалық ақпарат орталығының» директоры Нұржамал Тышқанова экономика ғылымдарының докторы, профессор, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің ректоры Ерлан Мұхтарұлын білім мен ғылым саласындағы үздік серіктес аталымы бойынша марапаттады.

Фархат ӘМІРЕНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 31