Қара қазаныңды қайнатып қойдың-ау! Қырға қарайлайсың. «Қайдасың, Қояным?». Қайбірде қалың қойға қарап, қоймен қатар қиырға қамданатынсың. Қиялың қақта қалмайтын. Қасқырды қаумалап, қабанның құтын қашырып, қайыстай қылқитып, қоржыныңды қампайтып қайтатынсың. Қазір, қазағым, қайғысыз, қамсызсың. Қалбақтайсың. Қашандағыдай қарапайымсың. Қарадүрсін қалып қоймасаң, қарман. Қалжыңбас Қожанасырың қаймықпапты-ау қиындықтан. Қимас қырмызың, қызықтырған қызғалдақтарың қайда? Қымызға да, қылықты қызға да қырын қарамай қалмайтынсың! Қарынға қарай қылғыту қашаннан қаныңдағы қасиеттей қыржимай-ақ қой. Қазы-қартаң қайда да қор қалмас. Қоғамың қырдан қайтқан қозыдай қалмасын, қайратыңды, қарымыңды қайтар. Қынаптағы қылыштайсың, қомдан, қауқарлысың. Қара қытай қаптамай, қайсарлығың қапта қамалмақ-ау? Қолқағаным - қалмақтарды қырғанымыздай қарманайық. Қоянның құлағына қызығып қайтеміз! Қашанда қара қораңда қалың қой қамалсын. Құзыңа қыраның қонып, қолыңдағы құмайың қоңайсын. Қаймағың қалпында қалсын! Қабырғамыз қақырамасын! Құдайым қазағымды қолдасын!
«Қ»-лардың қыңыр-қисығын қалдырмай қақпақылдаған - ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

