Қаңтар айы
- «Ертістің ерке Майрасы». Павлодарлық жезтаңдай әнші, сазгер Майра Шамсутдинованың 120 жылдық мерейтойы облыс орталығында кең көлемде аталып өтті;
- Ақсу қаласында бүгінгі заман талабына сай жабдықталған жаңа қазақ орта мектебінің есігі оқушыларға айқара ашылды.
Ақпан айы
- «Ер есімі – ел есінде». Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың 85 жылдығы аталып өтті.
Наурыз айы
- Астана мен Павлодар қалаларының арасында электропоезд жүре бастады;
- Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде Усолка шағын ауданындағы Ткачев көшесі, №12 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сәуір айы
- Әлемдік ауқымдағы тау тұлға Қаныш Сәтбаевқа Павлодар қаласында еңселі ескерткіш бой көтерді;
- Облыста алғаш рет белбеулік күрес бойынша турнир өтті.
Мамыр айы
- Павлодарда жаңа «Тойота» орталығы ашылды;
- Облыс бойынша 2009-2010 оқу жылында 22 мыңнан аса түлек қанат қақты.
Маусым айы
- Облыс орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан алюминийі» АҚ бастамасымен жаңа балабақша бой көтерді;
- «Бірлік, ерлік – елдігіміздің ерен үлесі». Павлодарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты патриоттардың республикалық ІІІ форумы өтті;
- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Павлодар облысына екі күндік сапармен келді.
Тамыз айы
- Мылтық атудан жерлесіміз Вячеслав Подлесный 2012 жылы өтетін Лондон олимпиадасына алғашқылардың бірі болып лицензияны жеңіп алды;
- Тарихы бай, болашағы нұрлы Железин ауданының 75 жылдығы аталып өтті;
- Жағажай футболынан павлодарлық спортшылар еліміздің үш дүркін чемпионы атанды;
- «Ертіс» әлеуметтік дүкені қалалықтарға есігін айқара ашты. Бұл - қаламызда ашылған сегізінші әлеуметтік дүкен;
- Қадамы айшықты қара шаңырақ С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне – 50 жыл;
- Қашыр ауданында аймақ жастарының форумы өтті;
Қыркүйек айы
- Шаһарымызда жаңа үлгіде жабдықталған бокс залы бой көтерді;
- «Дұрыс тамақтан, спортпен айналыс, денсаулығыңды сақта» деген ұранмен аймағымызда денсаулық фестивалі өтті;
- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Павлодар облысына бір күндік сапармен келді;
- Жерлесіміз Жаяу Мұса Байжанұлының 175 жылдығы аймақ бойынша кең ауқымда аталып өтті.
Қазан айы
- Атақты әнші, сазгер Иса Байзақовтың 110 жылдық мерейтойы облыс бойынша айырықша сипатта тойланды;
- Республика жұртшылығы қаламызда «Қанатты әйел-3» республикалық жәрмеңкесіне жиналды;
- Шаһарымызда облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің жаңа корпусы іске қосылды.
Қараша айы
- Жергілікті «Ертіс» футбол командасы биылғы ел біріншілігінің қола жүлдегері атанды;
- Ел ордасы Астанада тұңғыш рет тоғызқұмалақтан Әлем бірінішілігі өтті. Ел намысын қорғаған павлодарлық Диана Кенина қола жүлдеге қол жеткізді;
- Облыс орталығында алғаш рет балаға мейірімді қалалардың Саммиті өтті.
Желтоқсан айы
- Әлемді таң қалдырған өндіріс алыбы «Богатырь» кенішінің құрылғанына 40 жыл толды;
- Қазақ өнерінің мерейін асқақтатқан Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрына - 20 жыл;
- Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен Азия ойындарында павлодарлық көркем гимнасшылар Мадина Мұқанова мен Марина Петракова алтыннан алқа тақты;
- Энергетика саласының көшбасшысы Екібастұз ГРЭС-1 станциясына – 30 жыл.

