БАЛАЛАРДЫҢ КҮЛКІСІНЕ НЕ ЖЕТСІН!

Отбасылық, әлемдік мерекелер қатарынан белді орнын алатын Жаңа жыл мейрамын кішкентай бүлдіршіндеріміз асыға күтетіні анық. «Біз де бала болғанбыз» демекші, мектеп қабырғасында оқып жүргенімде Аяз атаға қатты сенетінмін. Жаңа жылды асыға, тағатсыздана күтіп, Аяз ата мен Ақшақардың қолынан сыйлықтар алуды армандайтынмын. Жаңа жылдың бас кейіпкеріАяз ата сол кездегі балалар үшін зор қуаныш сыйлайтын. Қазіргі кезде мектеп оқушыларын Аяз атаның барына сендіру екіталай екені белгілі. Сондықтан өз басым Жаңа жылды мектепке дейінгі балалармен тойлағанды ұнатамын.

Міне, бүгінгі күні өзім Аяз ата «қызметін» атқарып, балақайларға күлкі мен шаттық сыйлап жүргеніме жиырма жылдың жүзі болыпты. Бірінші рет Аяз ата болғаным әлі есімде. 1990 жылы Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрына қызмет етуге келген бір топ жас әртістердің құрамында болғанмын. Сол кезде алғашқы рет орталық алаңда жаңа жылдық шара кезінде жұртшылық алдына шықтым. Облысымыздың аудан-ауылдарын гастрольдік сапармен аралап, жаңа жылдық кештерді ұйымдастырған кезіміз - өмірімнің ұмытылмас сәттерінің бірі.

Барыс жылы мемлекетіміз үшін көптеген игі жетістіктермен есте қалары сөзсіз. Бұл жыл Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына төрағалық, аталмыш ұйымның Астана төрінде өткен Саммиті сынды тарихи оқиғалармен айшықталды. 2011-ші Қоян жылы еліміз бен халқымызға құт-береке, бейбітшілік пен бақыт әкелсін! Еліміздің ертеңі - жас жеткіншектеріміздің болашағы жарқын, оларды ақ сүтімен аялап өсірген ата-аналардың денсаулығы мықты болсын демекпін!

Аяз атамен әңгімелескен Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 31