АПТАЛЫҚ ТАРАЛЫМ - 46549 ДАНА. “Сарыарқа самалына” жазылушылар қатары артуда.

 

Жаңа 2011 жыл облысымыздағы қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Сарыарқа самалы» газетінің шығармашылық ұжымы үшін көңілге қуаныш сыйлайтын жақсы жаңалықпен басталып отыр. Атап айтқанда, газеттің апталық таралымы 46549 данаға жетіп, өңіріміз бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізілді.

Биыл газеттің бір саны 15484 дана болып шығады. Бұл да - бұрын-соңды болмаған таралым. Кеңес өкіметі кезінде бұрынғы «Қызыл ту» газетінің жеткен ең биік межесі 14 мың данадан аспағанын айтсақ та жеткілікті.

Бұл жетістік қазақ тілінде шығатын облыстық газеттің оқырмандар арасында беделі артып, мәртебесі өсіп келе жатқанын айқын аңғартады. Биыл Тәуелсіздігімізге 20 жыл толады десек, «Сарыарқа самалы» газеті осы тәуелсіздік мұраттарына адал қызмет етіп келеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатын кең насихаттап, көп ұлттың өкілдері өздерінің ортақ үйі санайтын Қазақстанды гүлдендіруге қалам күшімен үлес қосылуда. Жергілікті атқарушы, өкілетті биліктердің өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету жолындағы жүргізіп отырған жұмыстарын, мақсат-бағдарларын халыққа жедел әрі мазмұнды етіп жеткізілуіне ерекше мән берілуде.

«Сарыарқа самалы» өз оқырмандарының талап-тілектерін ескере отырып, өз жұмысын құруды игі дәстүрге айналдырған. Осыдан он жылдан астам бұрын Ертістің Павлодар өңірінің аудандарында оқырман қауыммен жүйелі кездесулер өткізіле бастаған болатын.

Биыл бұл игі дәстүр шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аналитикалық ақпарат орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жетекшілігімен ойдағыдай жүзеге асты.

«Сарыарқа самалы» 2011 жылы оқырманға ұнаған айдарлармен арнаулы беттер, айқарма беттер мен қосымшаларды ұсынады. Жаңа айдарлармен мақалалар беру жоспарда бар. Алдағы уақытта билік саясатын елге кең жеткізумен бірге ұлттық құндылықтарымыз, қоғамды толғантқан көкейтесті мәселелер бойынша материалдар жарық көрмек. Біздің өңірден атақты ақын-жазушылар, өнер тарландары көптеп шықты десек, олардың ізін басқан кейінгі толқын дарындардың шығармалары «Әдебиет және өнер» айдарымен жарияланатын болады.

Оқырман газетімізге көптеп жазылып, ерледі, редакция ұжымына үлкен сенім көрсетті. «Алмақтың да салмағы бар» дегендей, сенім биігінен көріну, қол жеткенді баянды етіп, алға басу абыройлы парызымыз болмақ.

 

Редакция.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31