ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАРЫ ӨТТІ

 

 

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының доценті, халық аспаптар музыкасының орындаушысы Ерсайын Басықараевтың жетекшілігімен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Шараға университет филармониясының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Ерсайын Бақытұлы өнерсүйер қауымға қазақтың халық аспаптар орындаушысы, домбыра-прима және шертер аспаптарының дәріптеушісі ретінде танымал. Сонымен қатар, ол - халық аспаптарында ойнау әдісін оқытып, музыкалық білім беру мекемелерінің оқу үрдісіне шертер, бас домбыра мен прима-домбыра аспабын мамандық ретінде  ұсынған ұстаз.
- Университет басшылығының шақыруымен Павлодар жеріне келіп, өнер жолында жүрген азаматтарға шығармашылық дәріс-концерт пен шеберлік сыныптарын өткізуді ұйғардым. Былтыр елу жылдық мерейтойымды атап өттім. Осыған байланысты концерттік сапарымды бастап отырмын. Гастрольдік сапарым Ертістің Павлодар өңірінен бастау алғанына қуаныштымын, - дейді өнер иесі.
Ерсайын Бақытұлы жиналғандарға  халықтық музыка аспаптарында білім беру бойынша жазған оқу құралдары мен оқулықтарын таныстырып өтті. Олардың қатарында «Шертерді үйрену әдісінің мектебі» оқу құралы, «Шертерге арналған шығармалар» және «Шертер, домбыра-примаға лайықталған күйлер мен классикалық шығармалар» атты жинақтар бар. Шара барысында қазақ күйінің дәріптеушісі, ұлағатты ұстаз атанған Ерсайын Бақытұлы прима-домбыра және фортепиано аспаптарымен қазақ күйлерін орындап, жұртшылықты әдемі әуенмен тамсандырды. 
А.ЕСІМХАНОВА.
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 23
24 25 26 27 28 29 30
31