БАҒЫТЫ БЕКЕМ БАЛАБАҚША

 

Былтырғы жылы Павлодар қаласында іске қосылған №30 сәбилер бақшасы - келелі бастамалар мен игілікті істердің жемісі. Қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған балабақшада сабақтар озық жүйеде өткізіледі. Техника біткеннің тілі саналатын ағылшын тіліне үйретуге арналған лингафон кабинеті, информатика мен мультимедиялық кабинет сәбилердің ой-өрісін кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар, балабақшада түрлі спорт үйірмелері жұмыс істейді. Мұнда ұрпақ тағдырын қолға алып, ұстаздық ақыл ой мен әдепті, талап пен тәртіпті бойға жиып, бүлдіршіндерді кемел келешекке баулып жүрген ұстаздар көп. Балабақшадағы ұстаздар білім беру үрдісінде жаңа технологиялар мен әдістерді жиі қолданады. Мемлекеттік тілде білім беретін бұл балабақшаның алдына қойған екі негізгі мақсаты бар. Оның бірі қазақтың халық ауыз әдебиеті арқылы сәбилердің тілдерін дамыту болса, екіншісі - салауатты өмір салтын қалыптастыруда халқымыздың салт-дәстүрлеріне тән әдістерді қолдану. Балабақша ұжымы психолог мамандармен тығыз байланыста.

 

А.РАХЫМЖАНОВА,

психолог.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 23
24 25 26 27 28 29 30
31