АҚПАН АЙЫНЫҢ ХРОНИКАСЫ (2011 жыл)

 

1996 жылғы 5 ақпанда(15 жыл бұрын) шаңғы тебу бойынша әлемнің вице-чемпионы павлодарлық Людмила Прокашева үшінші Азия ойындары кезінде Харбиндегі мұз айдынының жүгірме жолында 3 километрлік арақашықты тек бірінші болып жүгіріп шығып қана қоймай, сонымен қатар, 4 минут 25,98 секундта мәреге жетіп, ойындардың жаңа рекордын жасады.

2001 жылғы 7 ақпанда (10 жыл бұрын) «Павлодар аймақтық басқару мектебі» қоғамдық қоры құрылды. Бірінші семинар облыстық және аумақтық мемлекеттік органдар бөлімдерінің бастықтары үшін «Өзгерістер менеджменті»  тақырыбы бойынша өтті. Қала менеджерлерінің Халықаралық ассоциациясы (ІСМА) қолдау көрсетіп, семинар ІСМА мамандары әзірлеген интерактивті оқыту бағдарламалары бойынша өткізілді. Павлодар облысының әкімі және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы қор құрылтайшылары болды.

2001 жылғы 7 ақпанда (10 жыл бұрын) Павлодар ауданының Розовка ауылында облыстағы бірінші отбасылық үлгідегі «Арман» балалар ауылының ашылу салтанаты өтті. Осы уақытқа дейін бұған ұқсас балалар ауылдары Астана және Алматы қалаларында жұмыс істеді. Мұндай ауылдарды ашудың негізгі мақсаты – балаларға шынайы отбасында тұру және даму үшін жағдай жасау. Мұндай отбасында мерекелер; дербес шешіп, орындауды қажет етеін қайшылықтар да, міндеттер де болды. 

1921 жылғы 8 ақпанда (90 жыл бұрын) Павлодар қаласында алғашқы балалар бақшасы ашылды. Семей қаласындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу курстарына бірінші 10 қыз жіберілді.

2001 жылғы 8 ақпанда (10 жыл бұрын) Павлодар қаласында 50 балаға арналған «Жас ұрпақ» жасөспірімдер үйі ашылды. Мектепті аяқтаған соң балалар үйінің түлектері – жетімдер үш жыл бойы Жасөспірімдер үйінде тұра алатын болды, онда оларға оқу орындарына түсу және жұмысқа орналасу барысында көмек көрсетілді.

1971 жылғы 10 ақпанда (40 жыл бұрын) КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен жоғары кремнийлі бокситтерді қайта өңдеу технологиясын игерудегі табыстары үшін Павлодар алюминий зауыты Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

1971 жылғы 10 ақпанда (40 жыл бұрын) КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Успен ауданының «Қазақ КСР-не 30 жыл» колхозы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

1946 жылғы 13 ақпанда (65 жыл бұрын) облыста Ұлы Отан соғысы жылдарында Украина мен Белоруссияның батыс облыстарынан Павлодар облысына эвакуацияланған поляктар мен еврейлерді Польшаға жіберуге дайындық жұмыстары басталды.

1981 жылғы 19 ақпанда (30 жыл бұрын) КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1980 жылы мемлекетке миллиард пұт астық сатуда, социалистік міндеттемелер мен жоспарды орындауда қол жеткізген орасан табыстары және 10-шы бесжылдықтың астық пен ауыл шаруашылығының басқа да өнімдерін өндіру және сатып алу бойынша жоспарын асыра орындағаны үшін Баянауыл ауданы «Южный» кеңшарының тракторшысы Сағадат Ысқақовқа; Ертіс ауданы «Суворов» кеңшарының тракторшысы Анатолий Иванович Барановқа; Железинка ауданы «Мирный» кеңшарының бас агрономы Михаил Иванович Трусовқа; Лебяжі ауданы КОКП ХХІІІ съезі атындағы кеңшарының аға шопаны Қабдылнәсір Ерғалиұлы Шарбақбаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді және Ленин ордені мен «Орақ пен Балға» алтын медалі қоса тапсырылды.

2001 жылғы 21 ақпанда (10 жыл бұрын) Павлодар қаласында әдебиеттанушы, филолог, музыкатанушы, композитор И.О.Дунаевскийдің шығармашылығын зерттеуші, ғалым Наум Григорьевич Шафердің теңдесі жоқ музыка және кітап жинақтарының негізінде құрылған Шафердің мұражай-үйі ашылды.

1996 жылғы 24 ақпанда (15 жыл бұрын) Павлодар техникалық колледжі (бұрынғы милиция мектебі) алғашқы курсанттарын шығарып салды. 65 түлек диплом мен кеуде белгілерін алды. Бес жас офицер үздік дипломға ие болды.

1966 жылғы 26 ақпанда (45 жыл бұрын) Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінің №118 бұйрығына сәйкес шаруашылық келісімдегі ғылыми-зерттеу жұмыстары көлемінің өсуіне байланысты Павлодар индустриалды институтында ғылыми-зерттеу секторы ашылды (ҒЗС).

1921 жылғы 27 ақпанда (90 жыл бұрын)  31 болысты қамтитын Павлодар уезі Омбы губерниясынан Семей губерниясына тапсырылды.

1976 жылғы 27 ақпанда (35 жыл бұрын) жергілікті уақыт бойынша сағат 13-те Омбы – Павлодар – Шымкент магистральді мұнай құбырының павлодарлық учаскесіндегі алғашқы иірімі дайын болды.

1921 жылғы ақпанда (90 жыл бұрын) Павлодар қаласының мектептеріне гимнастика және спортпен шұғылдану сағаттары енгізілді.

1961 жылғы ақпанда (50 жыл бұрын) жаңа Орта Сібір теміржол магистралінің Омск – Карасук учаскесінде жолаушылар пойыздарының тұрақты қатынасы басталды. Бұл екінші Ертіс өңірі магистралінің бірінші кезегі болатын.

1966 жылғы ақпанда (45 жыл бұрын) Павлодар алюминий зауытында алғашқы металл балқытылды.

1971 жылғы ақпанда (40 жыл бұрын) Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Қазақ КСР-нің Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Павлодар облыстық атқару комитетінің Павлодар зооветтехникумының зоотехника және ветеринария бөлімдері мен Павлодар ауданы №499 совхозының негізінде Павлодар совхоз-техникумын құру туралы ұсынысын қабылдады.

1976 жылғы ақпанда (35 жыл бұрын) Екібастұз жөндеу-механикалық зауытындағы қаптау плиталарын шығару цехы алғашқы өнімін шығарды. Цехтың қуаттылығы 1976 жылдың өзінде-ақ мәрмәр мен ракушечниктен 12 мың шаршы метр қаптау плиталарын жасауға мүмкіндік берді. 

 

Басылымға дайындаған Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28