«Бас ауырып, балтыр сыздаса» денсаулық сақшыларының көмегіне сүйенеміз. Былтыр, жаңа жыл қарсаңында, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада маған операция жасалды. Операция сәтті өтіп, аурудан жазылып, қатарға қосылдым. Хирургия бөлімінің меңгерушісі А.Т.Мұсабековке, емдеуші дәрігер С.С.Әбелдиновке ризашылығымды білдіремін. Менің өмірімді сақтап қалу үшін операция жасаған хирург ординатор С.Ж.Шайхин, анестезиолог-реаниматолог Г.М.Әлжанова, медбике Ф.Амантурдыеваға алғысымды айтамын. Олардың қиын да құрметті еңбегіне табыс тілеймін.
С.УСПАНОВ, Павлодар қаласы.

