СӘБИДІҢ РИЯСЫЗ КҮЛКІСІН СҮЙГЕН ЖАН

 

 

12 ақпан күні еліміздің бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қорының төрайымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін мемлекетіміздің әр кішкентай тұрғыны білетіні анық. 
«Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін-өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлғаның 70 жылдық мерейтойы Мичурин отбасы үлгісіндегі балалар үйі мен М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайында аталып өтті. 
«Бәрі де махаббаттан бастау алады» атты концерт М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайында ұйымдастырылды. Қаламыздың ата-ана қамқорынан айырылған балаларға арналған №2 мектеп-интернаты, Мичурин отбасы үлгісіндегі балалар үйі мен оқушылар сарайының жас өнерпаздары дайындаған шараға облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова қатысты. Кеш барысында қойылған «Промень» жастар театры жас әртістерінің театрландырылған қойылымы жұртшылықтың ерекше қошеметіне ие болды. 
Мичурин отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері де бұл күнді тойлауға айрықша дайындалған. Шырқалған әндер мен бүлдіршіндердің жүректерінен шыққан өлең жолдары Сара Алпысқызының құрметіне арналды. Ата-ана мейірімі мен аялы алақанына зәру жандарды Павлодар облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Талғат Әбілқасымов құттықтап, салалық сөздіктер мен қызықты оқулықтарды сыйға тартты. 
 
А.ЕСІМХАНОВА.
 
* * *
 
Сара Алпысқызы ана мен баланы қорғау, нәрестелер үйі мен балалар үйлерін қамқорлықта ұстау, онда тәрбиеленетін бүлдіршіндердің тұрмыс жағдайын жасқарту жолында аянбай қызмет етті. Оның аялы алақаны мен пәк жүрегін әр қазақстандық бала сезінді деуге болады. 
Павлодар қаласының №25 санаторлық үлгідегі сәбилер бақшасында мектепалды топ тәрбиеленушілері мен шығармашылық ұжымдардың ұйымдастыруымен Сара Назарбаеваның туған күніне арналған мерекелік апталық өтті. Оның аясында Ел анасының құрметіне орай қалалық білім беру бөлімі, облыстық балалар құқықтарын қорғау департаменті және «Айналайын» қоғамдық қорының мұрындық болуымен «Қазақстанның бірінші анасы» жобасы және «Ел анасы Сара Алпысқызына арналады» атты көрме ұйымдастырылды. Он саусағынан өнер тамған кішкентай шеберлер көрмеге өздерінің қолөнер бұйымдары мен суреттерін қойды.
Ізгілік пен мейірімділік мерекесінің екінші күні сәбилер бақшасының суда жүзу нұсқаушысы Зинаида Цоток пен дене шынықтыру нұсқаушысы Людмила Прокашеваның жетекшілігімен «Жаны саудың тәні сау» және «Денсаулықты сақтау өзіңнен басталады» шынығу жаттығулары өтті. Ауқымды шараның төртінші күні балабақша балалары өзін-өзі тану бағдарламасына негізделген бейнероликтер мен мультфильмдерді тамашалады. Барша тәрбиеленушілеріне шаттық пен күлкі сыйлаған шара балабақшаның күміс көмей әншілері мен мың бұралған бишілерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
 
Арай АРҒЫНБАЕВА,
Павлодар қаласының №25 санаторлық үлгідегі сәбилер бақшасының мұғалімі.
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28