ЖАҢА ЖОБА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТАДЫ Үкімет «Еңбекпен қамту - 2020» бағдарламасын қабылдады

 

Жақында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен Үкімет отырысында «Еңбекпен қамту - 2020» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды, жұмыссыз азаматтарды және әлеуметтік жағынан аз қамтылған халықты табысты экономикалық еңбекке  тарту, индустрияландыру бағдарламасын іске асыру бойынша кадрлық әлеуетті арттыру болып табылады. Үкімет отырысында қабылданған маңызды құжат, сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша дайындықтан өткізуге, еңбекпен қамтуға және азаматтың жеке ісін ұйымдастыруға қолдау көрсетуге арналған.

«Еңбекпен қамту - 2020» бағдарламасы үш кезең бойынша жүзеге асырылады. 2011 жылы бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары айқындалып, оның құқықтық қамтамасыз етілуі қарастырылады. Ал 2012-2015 жылдары - екінші кезеңі, 2016-2020 жылдары үшінші кезеңі жүргізіледі. Бірінші бағыт бойынша ауқымды шарадағы басымдық ауыл жастарына негізделеді. Осы орайда азаматтарға кәсіби дайындық курстары мен қайта даярлаудан өту, біліктілікті арттыру шаралары қолдау түрінде ұсынылмақ. Бағдарламаға қатысушыларды шараға қосу жөніндегі шешім аудандық деңгейде қабылданатын болады. «Бағдарламаға қатысушылардың әрқайсысымен өзара міндеттер келісімін қамтитын әлеуетті келісімшарт бекітіледі», - деді министр.

Бағдарламаның екінші бағытында негізгі басымдық жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтарға экономикалық белсенділікті арттыруға көмек көрсетілмек. Осы мақсатта кеңес беру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, шағын несиелер беру, инфрақұрылымды дамыту сияқты қызметтер атқарылмақ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі тетігі ретінде шағын несиелер беріледі.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне бағдарлама қабылданғаннан кейін қажетті нормативтік-құқықтық құжаттарды қысқа мерзімде әзірлеуді тапсырып, Байланыс және ақпарат министрлігіне бағдарлама бойынша халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

 

Әзірлеген – А.ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26 27
28