Биылғы жылдың наурыз айынан бастап Павлодар қаласында дүниеден озған адамды соңғы сапарға шығарып салу мәселесімен “Ақмешіт” айналысатын болады. Бұл жергілікті тұрғындар үшін қолайлы. Мәселен, адам о дүниелік болса, оның жеке куәлігін алып, “Ақмешітке” бару қажет. Қайтқан адамды тіркеу, молда тағайындау, қабырстаннан жер бөлу, мәйітті жууға қажет жабдықтармен, табытпен қамтамасыз ету аталмыш Алла үйінде жүзеге асырылады.
“Ақмешіттен” “Қабырстаннан жер берілсін” деген қағазды алған соң оны қайтқан кісінің жеке куәлігі және өлімі жөніндегі дәрігерлік тұжырыммен бірге қабырстандағы осы мәселелермен айналысатын адамға тапсырады. Олар АХАЖ-дан қайтыс болғандығы туралы куәлікті өздері дайындап береді.
Айта кету керек, “Ақмешіттің” бекітуімен қайтыс болған адамның жаназасын жақын жердегі мешіттерде сол жердің имамы шығаратын болады.
Мәшһүр Жүсіп орталық
мешітінің баспасөз қызметі.

