ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫН ҚАЛАЙ ТАҢДАУҒА БОЛАДЫ?

 

Болашақ зейнетақыңыз туралы неғұрлым ертерек қамдана бастасаңыз, өзіңіздің зейнетақы шотыңызға соғұрлым мол қаражат жинай аласыз. Ең алдымен, Сіз сенімді және мықты зейнетақы қорын таңдауыңыз қажет. Тек осындай қор ғана сіздің қарттығыңызға жинаған қаражатыңызды сақтап, оны көбейтеді. Осы орайда сізде бір сұрақ туындауы мүмкін: Қазақстанда он беске жуық зейнетақы қоры бар. Қорды қандай қасиеттері бойынша таңдаған дұрыс? Таңдауды өзіңіз жасауыңыз керек, ал одан кейін Сіз өзіңіздің зейнетақы жинағыңыздың бүтіндігіне сенімді болу үшін қордың ісін қадағалап отыруыңыз қажет. Сіздерге пайдалана алатын бірнеше ереже бергіміз келеді.

1–ші ереже. Қордың құрылтайшыларының толық құрамын біліп алыңыз. Егер құрылтайшылар бұрыннан белгілі ірі және сенімді мекемелер болса, онда Қорға сенуге болады. Олардың басшылары қор сенімді болу үшін барлық күштерін салады және әбден аяққа тұрғанша оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

2–ші ереже. Қордың филиалдары бар ма, қанша және олар қайда орналасқандығы туралы анықтама жасап алыңыз. Сізге сіздің аймағыңызда  тұрақты стационарлы өкілдігі бар қор керек. Ол нүкте шын мәнінде жұмыс істейтінін, онда Сізге қызмет көрсететін адамның барлығын, жұмыс уақытында Сіз өзіңізге қажетті ақпаратты қорға жеке өзіңіз барып немесе телефон арқылы қоңырау шалып, жасырын сөз бойынша жылдам ала алатыныңызды тексеріңіз.

Филиалдары бар Қордың салымшысы болған өте ыңғайлы, өйткені Сіз мекенжайыңызды өзгертуіңіз әбден мүмкін ғой. Және де бүкіл республиканың территориясында жұмыс істейтін мекеме анағұрлым тез дамып, өсе алады, ол шағын немесе ірі емес мекемеге қарағанда тез нығаяды. Сонымен қатар, стационарлы филиалдардың желісі қордың қызметі туралы ақпаратты тікелей филиалдан алуға мүмкіндік береді.

3–ші ереже. Қордың кадрлары құрамы туралы сұрастырып көріңіз. Кәсіпқойлық мекеменің, әсіресе, қаржылық мекеменің табысты жұмыс істеуінде және бәсекелестікке қабілеттігінде ең маңызды рольдердің бірін атқарады. Қорда жоғары білікті, тәжірибелі мамандар қаншалықты көп болса, мекеме де мықты болады.

4–ші ереже. Қордың қазіргі уақыттың талаптарына сай жабдықтары бар ма екендігін, қор мәліметтерді беру каналдарының қайсысымен жұмыс істейтінін, олар қаншалықты қауіпсіз екендігін сұрастырып біліңіз. Бұл зейнетақы жинақтарының сақтандылығы үшін де, қордың табысты жұмыс істеуі үшін де өте маңызды.

5–ші ереже. Құнды қағаздар және олардың табыстылығы туралы мәліметтер ашылмайтын құпия еместігін есіңізден шығармаңыз. Қор Сіздің қаражатыңызды қандай құнды қағаздарға салатынын және олардан қандай инвестициялық табыс көруге болатынын білуіңіз керек. Осы мәліметтерді басқа қорлардың мәліметтерімен салыстырыңыз.

6–шы ереже. Сіз таңдаған қордың салымшылары туралы біліп алыңыз. Егер салымшылардың арасынан мемлекеттік мекемелердің, құқыққорғаушы органдардың, ірі корпорация мен компаниялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыскерлері табылатын болса, мұндай қорға сенуіңізге болады. Бұл құрылымдар өзінің қызметкерлерінің зейнетақылық жинақтарын қорғау мақсатында қордың қызметін түбегейлі кәсіби сараптамадан өткізеді.

7–ші ереже. Қордың қанша салымшысы бар екендігі де маңызды. Адамдар жағымды пікірге ие қорға қарай көбірек мойын бұрады. Салымшылардың сенімін көбіне жарнама емес, жағымды пікір оятады.  Ондай атақ салымшылардың келуін қамтамасыз етеді. Ал екінші жағынан, қордың салымшылары неғұрлым көп болса, оның активтері де соншалықты көп болмақ, ал бұл өз кезегінде қордың тұрақтылығын және табыстылығын қамтамасыз етеді.

8–ші ереже. Қордың аудиторлық тексерісінің нәтижелеріне назар аударыңыз. Заң бойынша қорлар жыл сайын қызметін аудиторлық тексерістен өткізеді. Ол қордың қаржылық есебінің дәлдігін және объективтілігін, сонымен қатар, оның қызметінің халықаралық және қазақстандық стандарттарға сәйкестілігін растайды немесе жоққа шығарады.

Егер сізге қор өкілі келіп, салымшы болу туралы ұсыныс жасайтын болса, осы ережелерге арқа сүйей отырып, талапқа сай келетін сенімдісін таңдайсыз. Сіздің жасаған таңдауыңыз келешек үшін аса маңызды екенін ұмытпағайсыз.

 

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

Біз ай сайын өзіміздің еңбекақымыздың белгілі бір сомасын (қолданыстағы заңнама бойынша 10 пайызын) өзіміз таңдап алатын зейнетақы қорына аударамыз. Осылайша зейнеткер болған уақытымызда төлемдер ретінде берілетін қаражат сомасы жинақталады. Қор ай сайынғы салымның үстінен өсімақы үстемелеп отыруға тиіс.

Алайда сол өсімақы мәселесі, банк тілімен айтқанда, инвестициялық табыс жағдайы қазіргі кезде мәз емес. Бұған бірнеше себеп бар. Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, зейнетақы жинақтаушы қор басқарушыларының ойлау әдістерін өзгерту керек. Бүгінгі уақытта олар банкирлер секілді акционерлерге жұмыс істеуді үйреніп алған. Олар өздерінің меншік иелеріне емес, халыққа, салымшыға қызмет атқаратындарын түсінулері керек.

 

 Әзірлеген – Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28 29 30 31