МАМАНДЫҒЫНА АДАЛ, ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА

 

Төлеутай Нәжмиденұлы Мұқановты барша ақтоғайлықтар жақсы таниды, ерекше сыйлайды. Ол Павлодар ауданындағы «Чернорецкі» ауылының тумасы болса да, 39 жыл бойы Ақтоғай ауданы үшін бар жанымен еңбек етіп келеді. Халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы Т.Мұқанов асқаралы алпыс жасқа толды.

 

Бұл жаста адам өзінің бүкіл саналы өмірінде тындырған жұмыстарына көз жіберіп, ой толғауға, артта қалған күндерді барлап, өткен белеске қорытынды жасау мүмкіндігін алады. Ал Төлеутайдың есіне алып, мақтануына тұрарлық, өткен кезеңде қолтаңбасын қалдырған игі жұмыстары баршылық. Еңбек жолын Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылында селекционер-зоотехник болып бастаған  Төлеутай Нәжмиденұлының өмір майданындағы қызметі нәтижелі, төңірегіндегілер үшін пайдалы болды. Өте қажырлы, терең білімді жігіт қашанда еңбекқорлығымен көзге түсетін. Қандай лауазымда жұмыс істесе де, Отанға, халқына, өз мамандығына қызмет етудің озық үлгісін көресететін. Т.Нәжмиденұлы «Спартак» кеңшары өндірісінің ең күрделі салаларының бірімал шаруашылығын басқарды. Сала басшысы болған жас жігіттің бұл жұмысы да табысты әрі жемісті болды. Кеңшардың мал шаруашылығы саласы сүт, ет, жүн өткізу жұмыстарын табысты орындап отырды. Бұл ретте бас зоотехник Т.Мұқановтың сіңірген еңбегі зор. Оның бұл саладағы қызметін кеңшар директоры Сартай Қабылов ұдайы қолдап отырды. От пен оқтың сынынан өткен ардагер Төлеутай Нәжмиденұлына көп нәрсені үйретті. «С.Қабылов білімді экономист, бухгалтер болатын. Ол өзінің осы бағыттағы мол тәжірибесін маған үнемі үйретіп отыратын» деп еске алады сол кездерді Т.Нәжмиденұлы.

- Кейіннен экономист болуыма сол кісінің үлкен әсері болғаны шын. Айта кетерлігі, әкем Нәжмиден де осы саланың қызметкері болған. Ағам Төлеу де ұзақ жылдар бойы әртүрлі кеңшарларда бас есепші, экономист болып қызмет істеді. Маған экономист болуды Алла бұйыртқан болуы керек, - дейді алпыстың асқарына шыққан Төлеутай Мұқанов. 

1977 жылдың наурызында Төлеутай Мұқановты аупарткомның сол кездегі бірінші хатшысы М.Юрьев Жданов атындағы кеңшардың бас экономисі қызметіне ұсынды. Ол осы салада нәтижелі жұмыс атқарып, 1982 жылға дейін Жданов кеңшарының экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Одан кейін ауылдық кеңестің депутаттары Т.Мұқановты атқару комитетінің төрағалығына сайлады. Бұл жұмыста да ол өзінің ізгі істерімен есте қалды. Төлеутайдың кезінде аталмыш кеңшардың көп ұлтты ұжымы топтасып, үлкен бір ынтымақты отбасыға айналған болатын.

1985 жылы еңбекқор Төлеутайды К.Маркс кеңшарының коммунистері өздеріне хатшы етіп сайлады. Мұндағы партия ұйымы өте үлкен болмаса да, жауынгерлік рухта, шаруашылықтың барлық қоғамдық және өндірістік өмірінде маңызды роль атқаратын. Аудандағы ірі кеңшарлардың бірі саналатын К.Маркста шаруашылықты игеріп алатын мамандар жетіспей-тұғын. Астық жинау жұмыстарына қалалардан студенттер, механизаторлар шақырылатын. Кезінде аталмыш кеңшардың диқандары миллион пұт астық тапсырып отырды. Осынау жетістіктердің бәрінде Төлеутай Нәжмиденұлының сіңірген еңбегі зор. Ол 5 жыл қатарынан партия ұйымын табысты басқарды. Кеңшар директорларымен бірге жемісті жұмыс атқарған Т.Мұқанов осы күнге дейін өз ісінің мықты шеберлері П.Фурманюкты, Қ.Ахметовті, бас мамандар Т.Дощановты, Б.Тепферді, Н.Ахметқалиевті, олармен бірлесіп көптеген көкейкесті мәселелерді ұтымды шешкендерін есіне алады. 1990 жылы тәжірибесі мол Т.Мұқановты аудан басшылығы аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары және ауданның жоспарлау комиссиясы төрағасы лауазымына ауыстырды. 1992 жылы әкімшілік басшысы институты енгізілді. Сөйтіп, ол әкімшілік басшысы Ә.Түгелбаевтың орынбасары болып тағайындалды. Бұл өте ауыр кезең болатын. Көп мәселелерді шешуге тура келді. Ұзақ уақыттар бойы еңбекақы төленбеді, зейнетақы берілмеді, электр энергиясы ажыратылды, дүкен сөрелері қаңырап бос қалды. Әкімшіліктер әкімдіктер деп аталатын болды. Төлеутай Нәжмиденұлы әуелі аудан әкімінің бірінші орынбасары, әкімнің экономика жөніндегі орынбасары, аудан басшысының жедел басқару жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Осы жылдар ішінде ол Қ.Қасенов, С.Сәрсекеев, Н.Пішенбаев сияқты әкімдермен бірге жұмыс істеді. Ол 2003 жылы аудандық мәслихат хатшысы болып сайланды. Сөйтіп, өкілетті билік органының басшысы болды. Бұл орган қарапайым халықтың мүддесін қорғауға арналған. Төлеутай Нәжмиденұлы бастаған аудандық мәслихаттың депутаттары  аудандағы барлық мәселелерді ақтоғайлықтардың пайдасына шешуге тырысты. Бүгінде Т.Мұқановпен бірге 12 аудандық мәслихат депутаты жұмыс істейді. Олар барлық халық қалаулыларының қызметін жақсы ұйымдастыру үшін тырысуда. Депутаттардың барлығы да - «Нұр Отан» ХДП мүшелері. Олар халықтың тұрмыс-тіршілігін, мұқтаждықтарын терең зерделейді. Барлық депутаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруға күш салады. Мәселен, Т.Мұқанов Ақтоғай ауылына жер асты су құбырын салуға қаражат бөлу үшін көп еңбектенді. Ол құрылыс бөлімінің бастығы С.Тоқсанбаев және жолаушы көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Б.Ысқақовпен бірге Астанадағы су ресурстары комитетінде су құбыры құрылысының жобасын қорғады. 

Төлеутай Нәжмиденұлы өзінің жұбайы, педагог-математик Дүбайхан Ахметбекқызы екеуі төрт бала тәрбиелеп өсірді. Олардың барлығы жоғары білім алған. Үлкен қызы Әлия Екібастұз қаласының әкімдігінде экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы болып табысты еңбек етуде. Экономикалық және заңгерлік білімі бар ұлы Берік Павлодар облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді. Қызы Айгүл жеке фирмада есепші, ал кенжесі Лаура - «Қазтрансойл» компаниясының жетекші маманы. Төлеутай мен Дүбайхан - төрт немеренің сүйікті ата-әжесі. Ол - отбасында балалары мен немерелеріне үлгі-өнеге. Жақында Төлеутай Нәжмиденұлына «Ақтоғай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Ол халқына әлі де көп жыл адал қызмет етеріне кәміл сенеміз.

 

Талғат СМАҒҰЛОВ,

Ақтоғай аудандық «Ауыл тынысы» газетінің редакторы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28 29 30 31